Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркістан облысында мұражай салынуда

Түркістан облысында мұражай салынуда


Түркістан облысы, Сайрам ауданында жаңадан мұражай салынып жатыр. Бұл туралы облыс әкімдігінің сайты хабарлады.

Аудандық құрылыс бөлімінің тапсырысы бойынша бой көтеріп жатқан нысанның жалпы құны – 86 млн 492 мың теңге.
 2018 жылдың тамыз айында басталған құрылыс жұмыстары биыл пайдалануға беріледі деп жоспарланған. 
"Қазіргі таңда негізгі жұмыстар аяқталды, ішкі әрлеу ісіне кірістік. Сәтін салса, сәуір айында пайдалануға беріледі деген жоспар бар. Құрылыс жұмыстарына жергілікті 26 азамат тартылған. Қолданылып жатқан қажетті материалдардың барлығы өзіміздің елден шыққан өнімдер», – деді учаске бастығы Батыр Төлегенов.
Сала мамандарының сөзінше, мұражайды салудағы мақсат – тарихы тереңде жатқан аудандағы құнды жәдігерлерді, өңірдің тарихынан сыр шертетін түрлі тарихи бұйымдарды жинақтап, бір жерге шоғырландыру. Заманауи үлгіде бой көтеріп жатқан ғимаратта құнды дүниелерді ұзақ сақтау үшін, мұражайға лайық барлық талап сақталатын болады. Айта кетейік, тарихи атауды иеленген ауданда бұрын-соңды арнайы салынған мұражай болмаған.
baq.kz
 
19 наурыз 2019 ж. 1 268 0