Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ұнжырғасы түскен ұн өндірісі

Ұнжырғасы түскен ұн өндірісі



Осыдан он шақты жыл бұрын ұн экспортынан әлемде, соның ішінде дәстүрлі нарық – Орталық Азия елдерінде алдыңғы қатарда болған Қазақстан қазір осы көшбасшылықты сақтап тұр ма? Отандық ұн өндірісінің жай-күйі мен экспорттық әлеуеті қандай? Бұл мәселелерді талдағанда сала үшін мемлекеттің белсенді қолдауы ерекше маңызды екенін атап өту қажет.

Өз еліндегі саяси тұрақсыздыққа байланысты олар Қазақстан мен Ресейден әкелінетін бидайды Өзбекстандағы тол­лингтік схема бойынша өңдеп, содан кейін өз еліне ұн етіп жеткізеді. Қа­лып­тасқан жағдайдың нәтижесінде 2020-21 МЖ қорытындысы бойынша қазақстандық бидайдың Өзбекстанға рекордтық жоғары импорты тіркеліп, 3,23 млн тоннаға жетті. Ал Қазақстаннан ұн жеткізу, керісінше, ең төменгі мәнге – небәрі 0,36 млн тоннаға жетті.
«АӨК-Информ» порталының мәлі­ме­тінше, 2017-18 жылдардағы рекорд­тық көрсеткіштен кейін елімізде ұн өн­дірісі баяулай бастаған. Мәселен, 2018-19 маркетингтік жылдың (МЖ) қоры­тындысы бойынша өндіріс 16%-ға қыс­қарған. Әрі қарай 2019-20 МЖ-да рес­­публикада ұн өндіру көлемі тағы 12%-ға төмендеді. Одан кейін 2020-21 жылдарда шағын өсуден кейін өндірістің құлдырауы қайта жалғасты. Өндірістің өткен жылғы шілде-желтоқсандағы көр­сеткіштері мен ұзақмерзімді кезең­дегі орташа үлесін есепке ала отырып, ағым­дағы кезеңде біршама өсу бар деу­ге болады. Бұл жерде ұн өндіру көле­мі­нің қалыптасуы бір жағынан егіннің деңгейіне, екінші жағынан дайын өнімді өткізу мүмкіндігіне байланысты екенін қаперге алу керек.
2017-18 МЖ-ға дейін Қазақстанда бидайдың жалпы жиналуы біртіндеп өсіп, шамамен 15 млн тоннаға жетті. Келесі бірнеше маусымда қолайсыз агроклиматтық жағдайларға байланыс­ты егіннің азаюы орын алды. Бірақ бұл тұтастай алғанда ұн өндірісін шикі­зат­пен қамтамасыз етуге қатты әсер еткен жоқ. Соңғы он екі маусымдық кезеңде рес­публикада өңдеу үшін өсірілген би­дай­дың шамамен 38%-ы ғана пайдаланылды. Тіпті, өнім шығымды болмаған 2019 және 2021 жылдардың өзінде бұл көр­сеткіш 35%-37% деңгейінде баға­лан­ды.
Өндірілген өнімді өткізуге келсек, отан­дық ұн тартушылар үшін экспорт­тау­дың маңызы үлкен. Ұзақмерзімді кезеңде еліміз экспортқа беретін ұнның орташа үлесі елдегі оны өндіру көлемінің 52%-ы түрінде бағаланады. Яғни экс­порт­тық жеткізілім қарқыны көбіне өн­ді­ріс көлемін құрап, сәйкесінше екеуінің ди­намикасы ұқсас келеді.
Ұн экспортынан түсетін түсімнің қалыптасу динамикасын талдайтын бол­сақ, онда сәл өзгеше үрдістерді бөліп көрсетуге болады. Айтарлықтай төмен­деу кезеңі 2015-16, 2018-19 мар­ке­тингтік жылдары байқалды, бұл экс­портталатын ұнның төмен баға­сы­на байланысты болды. Мәселен, 2017-18 МЖ-да қазақстандық ұнның экспорттық партияларының орташа құны ең төменгі мәнде болды. 2019-20 МЖ-дан бастап және қазіргі сәтте экс­порттық партиялардың орташа құнын ұлғайту есебінен түсімнің айтар­лық­тай өсуі байқалды. Алайда, ұнды экспортқа сатудан түсетін түсімнің ұлғаюы Қазақстанның ұн тартатын кәсіп­орындарының тиімдірек болғанын білдірмейді. Олардың толық жүктелуіне әлі көп нәрсе қажет, ал шикізат, көмекші ресурстар мен логистикалық шығындар өсіп барады.
Соңғы он екі маусымдық кезеңде жет­кізілімдердің жалпы көлемінен қа­зақ­стандық ұнның 85%-ға жуығы тек екі елге – Өзбекстан мен Ауғанстанға экспортталды. Бұл ретте егер 2014-15 МЖ-ға дейін импорттаушылар арасында Өзбекстан басым болса, 2015-16 МЖ-дан бастап қазақстандық ұнның негізгі сатып алушысы Ауғанстан болып отыр. Бірақ тағы да айта кетер­лі­гі, Ауғанстанға ұн жеткізудің өсуі қазақ­стан­дық ұн тартушылардың жетіс­ті­гі емес. Бұл соңғы бес жыл ішінде бидай мен ұнды тұрақты экспорттау­шылар санатынан импорттаушылар санатына өткен Пәкістанның осы нарықты жоғалтуына байланысты.
Ал Өзбекстан қуатты мемлекеттік қолдауды қосып, өзінің ұн тарту саласын белсенді дамыта бастады. Қазақстаннан астық жеткізудің ыңғайлы логистикасы жергілікті ұн тартушыларды қолжетімді шикізатпен қамтамасыз етуге ықпал жасады. Бір қызығы, Өзбекстанда Қа­зақ­­станнан тәжірибелі ұн тартушы­лар басқаратын кәсіпорындар пай­да бола бастады, оларға бидайды им­порт­тау мен оны сол жерде ұнға өңдеу тиімдірек болды. Өзбекстандағы диір­мен кәсіпорындарының ауғандық мен­шік иелерінің үлесі одан да жоғары. Өз еліндегі саяси тұрақсыздыққа байланысты олар Қазақстан мен Ресейден әкелінетін бидайды Өзбекстандағы тол­лингтік схема бойынша өңдеп, содан кейін өз еліне ұн етіп жеткізеді. Қа­лып­тасқан жағдайдың нәтижесінде 2020-21 МЖ қорытындысы бойынша қазақстандық бидайдың Өзбекстанға рекордтық жоғары импорты тіркеліп, 3,23 млн тоннаға жетті. Ал Қазақстаннан ұн жеткізу, керісінше, ең төменгі мәнге ‒ небәрі 0,36 млн тоннаға жетті.
Соңғы үш маусымдық кезеңде шілдеден қарашаға дейінгі кезеңдерді салыстыра отырып, ағымдағы сәтте Ауғанстанға (алдыңғы маусымның көрсеткішіне +70%) және Өзбекстанға (+14%) жеткізілімдердің айтарлықтай өскенін байқауға болады. Өз кезегінде Тәжікстан, Түрікменстан және Ресей Қазақ­­­­станнан сатып алу көлемін тиісін­ше 11%, 6% және 38%-ға қыс­қарт­ты. Абсо­лют­ті түрде бұл елдерге жеткізілім кө­ле­мі елеусіз болып қала берді.
Қазіргі маусымда ресейлік ұнның на­рық­қа қысымы санкцияларға байланыс­ты күшейе түсті. Ресей Ор­та­лық Азия­­ның дәстүрлі нарық­та­рында қазақ­­стан­дық ұнмен белсенді түрде бәсе­ке­ле­се бастады. Солтүстіктегі жинал­ған бидайдың рекордтық өнімінің ар­­тығы, тиісінше артылған ұн көлемі қазақ­­стандық экспорттаушылармен «тап­таурын» болған логистикалық бағыт­тар­ға сәйкес келіп, ағылып кетті. Мә­селен, Ресейден Түрікменстанға ұн жет­кізу 2020-21 МЖ-дағы 3,2 мың тоннадан 2022-23 МЖ шілде-қараша қоры­тын­ды­лары бойынша 25,8 мың тоннаға дейін өсті.
Қазақстан аумағы бойынша ресейлік ұн транзиті жөніндегі «Қазақстан темір жолы» деректерін зерттей келе, 2022 жылы бұл көрсеткіш 84%-ға өскенін көруге болады. Егер 2020-21 жылдары республика арқылы Ресейден 166 мың тоннаға жуық ұн өтсе, 2022 жылы транзит рекордтық 307,7 мың тоннаға дейін ұлғайған. Сол Түрікменстанға транзит көлемі – 7 есе, Қырғызстанға – 2 есе, Өзбекстанға, Тәжікстан мен Ауғанстанға орта есеппен 1,5 есе өсті.
Ресейден бидай импортының өсуі екі негізгі факторға: Орталық Азия мен Ауғанстан елдерінде нан өнімдерін тұтынудың өсуі, сондай-ақ Қазақстанда өсірілетін бидайдың (Ресей бидайымен салыстырғанда) өзіндік құнының озық өсу қарқынына байланысты.
Заңды импорттан басқа, Қазақстан нарығына контрабандалық астық та ара­ласуда. Заңсыз әкелу көлемінің ұл­ғаюы ресейлік астықты Қазақстан арқы­лы үшінші елдерге ҚҚС, транзиттік теміржол тарифі және экспорттық баж төлемей сату мүмкіндігін туғызады деген сөз. ЕАЭО ішіндегі жеткізілімдерге баж салынбайды, бірақ ол Ресей Феде­ра­ция­сынан алыс шетелге бидай экспорты үшін міндетті. Ресейлік бидайды заңсыз импорттай отырып, алыпсатарлар оны қағаздар бойынша қазақстандыққа айналдырады да, Өзбекстанға жеткізеді. Бұл көлеңкелі бизнес мемлекетті де, заңды бизнесті де шығындарға әке­ле­ді. Мысалы, Қазақстанның қайта өңдеу­ші­лер ода­ғының бағалауы бойынша, Ресей бидайының контрабандасы салдарынан республика жыл сайын шамамен 500 млн доллар жоғалтады. Мұның қандай сома екенін салыстырып көру үшін Ауыл шаруашылығы министрлігі өсімдік шаруашылығын субсидиялауға жы­лына шамамен 100 млрд теңге бөле­ті­нін ойға алуға болады. Ал заңсыз бидай саудасынан тегіс жерде 240 млрд тең­геге жуық қаржы жоғалады.
Жоғарыда аталған проблемалардан басқа, қазақстандық ұн нарығына бірқатар ішкі факторлар: логистикалық қиындықтар (маусымның қызған кезінде вагондар тапшылығы, «ҚТЖ»-ның конвенциялық тыйымдары, астық пен ұнды тасымалдау бағыттарын тиімсіз белгілеу), жеткілікті қолдаудың болмауы теріс әсер етеді. Қазірде еліміз өнімді қайта өңдеуді және экспорттауды қолдау қажеттігіне аса мән беріп отырғанына қарамастан, іс жүзінде диірменшілер елеулі қиындықтарға тап болып отыр. Ұн тарту саласының көптен жазылмай келе жатқан, әсіресе, 2022 жылы асқына түскен бір «жарасы» ‒ ҚҚС-ны қайтару мәселесі. Қазақстанның қайта өңдеушілер одағының есебінше, ҚҚС-ның қайтарылмауы салдарынан жылына 40 млрд теңге айналым қаражаты жоғалады, нәтижесінде жұмыс тиім­ділігі күрт төмендейді. Айналым қара­жат­тарының жетіспеушілігіне байланысты өңдеушілер жылдық 25%-ға дейін жоғары мөлшерлемемен несие алуға мәжбүр, бұл бір жағынан ұнның өзіндік құнының жоғарылауына әкелсе, екінші жағынан экспорттың дамуына тұсау болады. Ұн тарту саласындағы дағдарыс, ҚҚС-ның қайтарылмауы салық түсімдеріне, жалпы экономикаға кері әсерін тигізіп, 60 мыңға жуық адам жұ­мыс істейтін бұл саладағы әлеуметтік салдарға әкеледі.
Осылайша, қазақстандық қайта өң­деу­­шілер бір жағынан өткізу нарық­тарын бәсекелестердің жаулап алуы, екінші жағынан, ел ішінде бизнеске бағдарланған ойын ережелерінің үнемі бұзылуы нәтижесінде екі оттың ортасында қалғандай күй кешуде.
2021-22 МЖ-да Қытай, Израиль, Польша, тіпті Түркия сияқты елдерге ұн экспорттадық. Әлемдік ұн экспортында ли­дерлік үшін бәсекелесе бастадық. Демек, ендігі жерде ұн тарту саласының тиімді жұмысын қалпына келтіру және қосылған құны бар өнім экспортын ұлғайту үшін жаңа өткізу нарықтарын іздеу қажет.
2022 жылдың соңында Үкімет ас­тық­ты, ұнды, мұнайды және басқа да ауыл шаруашылығы өнімдерін Пәкістанға жеткізу ниетін жариялады. Бірақ бұл мәселе бойынша әлі ресми келісімге қол жеткізілген жоқ. Қытайға келетін болсақ, бұл өткізу нарығының тартымдылығына (географиялық жа­қын­­дығына, жоғары сыйымдылығына және төлем қабілеттілігіне байланыс­ты) қарамастан 65%-дық кеден тарифі қазақстандық ұнды жеткізу жағдайын тиімсіз етіп тұр.
Осылайша, бүгінде Орталық Азия елдері Қазақстанның ұн тартушылары үшін ең оңтайлы экспорттық бағыт болып қала береді. Ал біздің санаулы жылдар ішінде өзінің өңдеуші қуатын дамытуда үлкен серпіліс жасаған көршілерден үйренеріміз көп. Сондай-ақ Ресейде қолайлы агроклиматтық жағдайларға байланысты өсімдік шаруашылығы экономикасы Қазақстанға қарағанда мүлде басқаша көрінеді, бұл ұнның соңғы құнына әсер етеді. Сөйтіп, қазір отандық ұн тартушылар Үкіметтен ұн өткізудің жаңа экспорттық нарықтары – Таяу Шығыс пен Пәкістан елдерін игеру үшін қолдау көрсетуді сұрап отыр. Қазақстан астық өңдеушілер одағының президенті Әлихан Талғатбектің сөзінше, «Жыл сайын Орта Азия мен Ауғанстан елдері астық өңдеудің өзіндік көлемін арттырып жатыр.
«Қазақстандық ұн тартушылар үшін ұн өткізудің балама нарықтарын іздеу қажет. Қазіргі уақытта Таяу Шы­ғыс ел­­деріне, атап айтқанда Иран арқы­лы Ка­­тарға, сондай-ақ Пәкістанға ұн жет­кі­зу мәселесі белсенді түрде пысық­та­луда», дейді.
Айтуынша, Катар мен Пәкістаннан келген сатып алушылармен алдын ала келіссөздер жүргізілген, қазақстандық ұнды сатып алуға әзірлік бар. Иранның көлік компаниялары да өз аумағы бо­­йынша транзит ұйымдастыруға, оның ішінде Бендер-Аббас портында ауыс­тырып тиеуді қамтамасыз етуге да­­йын екендіктерін білдірген. Бастапқы кезеңде осы нарықтарға кірігу үшін ұн тартушылар Үкіметтен күрделі логистиканы ескере отырып, жеткізу құнын ішінара өтеу, сондай-ақ осы елдердегі Қазақстан елшіліктері тарапынан консультациялық сипатта қолдау көрсетуді сұрайды. Диірменшілер осы нарықтарға ұн жеткізуді дамыту елі­міз­ге басқа да ауыл шаруашылығы өнім­дерін ‒ астық пен ет жеткізуді одан әрі ілгерілетуге жол ашады деп есептейді.
Астық өңдеушілер одағы басшы­сы­ның айтуынша, диірменшілер Қытай­ға жылына 300-400 мың тонна ұн жеткізуге дайын. Тек жүктерді қабылдау үшін COVID-19-ға қарсы карантиндік шараларды алып тастау немесе жеңілдету туралы Үкімет деңгейінде келіссөздер қажет. Сондай-ақ жабық вагондарда ұнды Алашанькоу стансасына дейін жеткізу және одан әрі Қытай теміржол вагондарына қайта тиеуді жүзеге асыру тұрақты тиеп-жөнелтуді жолға қоюға мүм­кіндік береді.
Елімізде өндірілген ұнның жоғары са­пасы бір кездері отандық өнімнің же­тек­ші экспорттаушылар рейтингінде ла­йықты бірінші орынға шығуына мүм­кін­дік берді. Дегенмен қатаң бәсе­ке­лестік жағдайында алынған өнімнің өзіндік құны және сәйкесінше, тауар­ларды төмен бағамен ұсыну мүм­кін­дігі үлкен маңызға ие болып отыр.

02 наурыз 2023 ж. 436 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№32 (9196)

23 сәуір 2024 ж.

№31 (9195)

20 сәуір 2024 ж.

№30 (9194) (1)

16 сәуір 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930