Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алдағы 5 жылда алтын бағасы қаншалықты құлдырайтыны айтылды

Алдағы 5 жылда алтын бағасы қаншалықты құлдырайтыны айтылды

BAQ.KZ. Алтын өндірісі бір жылда 13%-ға, ал құрамында алтын бар кен өндірісі - 26%-ға ұлғайды.

Әлемде алтынның орташа бағасы троя унциясына шамамен 1,8 мың АҚШ долларын құрайды.

2021 жылдың қаңтар-наурыз айларында елімізде құрамында алтын бар кен өндірісі 7,1 млн тоннаға жетті. Бұл бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 26,4%-ға көп. Кен өндірісінің 79,3%-ы үш аймаққа тиесілі. Ол Ақмола, Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстары.

Айта кетейік, бір жыл бұрынғы сәйкес кезіңінде кен өндірісі 5,7 млн тоннаны құраған еді. Ол кезде жылдық өсім 7,4%-ға тең болды.

Өз кезегінде құрамында алтын бар концентраттардың өндірісі 124,8 мың тоннаға дейін өсіп, жылдық өсім 25,9%-ды құрады. Жалпы шығарылған өнімнің барлығы дерлік елдің екі өңіріне тиесілі: ШҚО және Қарағанды облысы.

Өңделмеген және жартылай өңделген алтын немесе ұнтақ түріндегі алтын өндірісі 29,2 тоннаны құрап, сәйкесінше бір жыл бұрынғы көрсеткіштен қарағанда 13,3%-ға өсті. Сонымен қатар тазартылған алтын өндірісі 17,6 тоннаға, Доре қорытпасындағы алтын - 8,3 тоннаға, катодты алтын - 127 келіге, ұнтақ түріндегі алтын өндірісі - 12 келіге жетті.

Өңірлер бөлінісінде өндірістің төрттен үш бөлігін елорда қамтып отыр: 9,2 тонна, бір жыл бұрынғымен салыстырғанда 22,3% көп. Аталған үштікке ШҚО мен Ақмола облысы да кіреді.

Statista деректеріне сәйкес, 2015 жылдан 2020 жылға дейін әлем бойынша алтынның орташа бағасы өсіп келеді. 2020 жылы алтынның орташа бағасы троя унциясына 1775 АҚШ долларын құрады. Сондай-ақ алдағы 5 жылда алтын бағасының құлдырауы күтіледі: болжамдық деректер бойынша 2025 жылы әлемде алтынның орташа бағасы троя унциясына 1580 АҚШ долларына дейін арзандайды - бұл 2020 жылғы баға болжамынан 11%-ға аз.

Gold.org хабарлауынша, 2020 жылдың төртінші тоқсанында соңғы 11 жылда алтынға деген сұраныстың төмендеуі бойынша антирекорд орнады. Алтынға деген сұраныс 783,4 тоннаны құрап, бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 28% азайғаны анықталды.

Өз елімізге келер болсақ, Жамбыл облысында «MONTERRA QASAQSTAN» ЖШС жаңа тау-металлургиялық комбинат құрылысы басталды. Бұл туралы өңір әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады. Жобаның жалпы құны - 832 млрд теңге. Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылады. Комбинат жылына Доре қорытпасындағы алтынның 10 мың тоннасын шығаруға қауқарлы.
10 мамыр 2021 ж. 1 033 0