БАЗАР БАҒАСЫНА БАҚЫЛАУ КҮШЕЙСЕ
Бесіктен белі енді шыққан балаңызға дейін «ұшты, ұшты, баға ұшты!» десеңіз, қанат қылып қолын қалықтататын болды. Бүгінде базар бағасының өзгергенін балаға дейін біледі. Жылдағы қалыпты құбылыс биыл да қайталана ма?
Бұл әңгіме дәулеті мен сәулеті жарасқандар жайлы емес, қымбатшылық екі бүйірінен қысқан қараша халық турасында. Баға шарықтамаған сала кемде-кем шығар. Ас атасы аталатын нан бағасы да қымбатшылықтың құрығында. Қазір бір дана нан 100 бен 120 теңгенің арасында сатылуда.
– Нарық заманы, нарық заңы солай деп кәсіпкерлер білген бағасын қоюда. Мен жұмыстан қайтарда күнделікті дүкенге соғып, үйге нан аламын. Бір кездері нанның бағасы 35-40 теңге еді. Қазір 100 теңгеден арзан нан таппайсыз. Сатушыларды сөзге тарта қалсаңыз, біраз дүниенің 10-15 процентке өскенін, өздері екі оттың ортасында қалып, бұл тығырықтан құтылудың жолы қолдарында еместігін алға тартады, – дейді аудан тұрғыны Сәуле Жұмашева.
Сәйкесінше, нан пісіретіндердің де айтар уәждері әзір. Оған көз жұмып қарауға болмайды. Өздері көктемде жерге дән егіп, күзде ормаған соң, өндірушіге тәуелді. Оның үстіне бәсекелестіктің бәсі қызбай, әркім өзінше тірлік жасаған жерде ала-құла жұмыс аяқтан шалмай тұрмайды. Айталық, бұрындары тонна бидай 43 мың теңге болып, 64 мың теңгеге дейін өсті. Әлбетте, мұндай жағдайда ұн бағасы да көтеріледі. Мәселен, 4 мың теңге тұратын бір қап ұн қазір 10 мың теңгеден асып кеткен. Осы арада еліміз жан басына есептегенде ұн өндіру мен оны сату бойынша әлемде алғашқы орында екенімізді айта кетейік. Табан ақы, маңдай терімен өнім өндіргендер бағаны қалай өсірсе де жарасады. «Мұның қалай?» деуге хақымыз болмаса керек-ті. Аптап ыстықта егін егіп, оны өсіру, төкпей-шашпай орып, қамбаға құю, ақ боран буған қыста мал бағып, аман сақтау ауызға оңай болғанымен, қиын іс екені рас.
Жеңілдің астымен, ауырдың үстімен жүргендер ондай ауыр шаруаға шыдау былай тұрсын, шет-жағасын көргенде «Бұл сұмдық қой!» дері сөзсіз. Мұны айтудағы себеп, өнім өндірудегі азаптан жалт бергендердің кейде екі арадан «мал» тауып, бағаның өсуіне «үлес» қосатыны.
Жасырмай-ақ қоялықшы, ақша алға түскен кезеңде ар мен адалдық соның көлеңкесінде қалып жатады. Ондай кезде обал, сауаптың көп ескеріле бермейтіні көңілге қаяу түсіреді. Еліміздегі 43 түрлі өнімнен тұратын азық-түлік себеті бар десек, оған әр адам 17 мың теңге жұмсауы тиіс.
Байтақ даламыз бар, аграрлы ел екеніміз анық. Есемізді жібермей ебін тапсақ, мал өсіріп, астықтан мол өнім алып, қымбатшылықты болдырмауға мүмкіндік баршылық. Тек ұйымдастырудан ұтылып отқанымыз көңіл қынжылтады. Ғалымдардың зерттеуіне қарағанда, қазақ жері 1 миллиард адамды азық-түлікпен қамтамасыз етуге қауқарлы.
Жыл сайын жұртты түрлі сылтаулармен есеңгіретіп тастайтын қымбатшылықтың себебі қайда жатыр деген сауал көңілде сайрап тұр. Әрине, айта берсе іздей берсең сылтау табылады. Бір айта кетерлігі, бұл халықтың қамынан бұрын әр саладағы ұйымдастырудың нашарлығы болса керек.
Бұған есеп-қисап жүргізушілердің айтқаны мен базардағы бағаның сәйкес келмеуін қосыңыз. Мәселен, ауылда сиыр етінің 1 келісі 1700 теңге болса, базарда – 2-2,5 мың теңге. «Бұл қалай?» десең, «Бәрін нарық өзі реттейді» деп жалт береді. Сөйтіп биліктегілердің сөзі құбылып шыға келеді.
Қалай айтсақ та, бұл қымбатшылықтан сылтау құтқармайды. Құтқаратын тек көкейге қонымды шынайы көрсеткіш қана.
Басты түйткіл нан бағасында. Жері дарқан елде нанның қымбаттығы көңілге қона қоймайды. Осы жерде өзбек елінде бір бөлке нан 45 теңге тұратынын еске сала кетелік. Президент Қ.Тоқаевтың «Нанның қымбаттауына жол берілмейді» деген сөзін ең алдымен тиісті мекемелер, кәсіпкерлер ескерсе екен.

"Өскен өңір" ақпарат агенттігі