Елімізде макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарды
Бірінші тоқсанның қорытындысы бойынша макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсарғаны байқалады, деп хабарлайды «Хабар 24». Нақты секторда өсім 7,9% болса, негізгі капиталға инвестиция 34%-ке өскен. Ал, жылдық инфляция 7%-ке дейін баяулаған. Бұл туралы Үкімет отырысында ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев айтты. Құрылыс, сумен жабдықтау, өңдеу өнеркәсібі, ауыл шаруашылығы салаларында едәуір өсім бар. Ақпарат пен байланыс саласында да көрсеткіш 9,9%-ке өскен. Машина жасау 21, 8 автомобиль құрастыру 20,7%-ке өсіпті. Химия өндірісінде 14,2%, фармацевтикада 9,1% өсім байқалады. Асқар Мамин, ҚР Премьер-министрі: - Жалпы біз экономиканың негізгі салаларындағы көрсеткіштердің біртіндеп жақсару үрдісін көріп отырмыз. Экономикалық белсенділікті арттыруға қосымша жағдай жасау үшін Үкімет бизнесті қолдау бойынша кешенді шараларды іске асыру арқылы жұмысты жалғастыратын болады. Барлық өңірлер даму көрсеткіші мен Мемлекет басшысы қойған міндеттерді қамтамасыз етуі керек. Жалпы Қазақстан экономикасы жаһандық экономиканың елеулі әсеріне қарамастан көрсеткіштер біртіндеп өсуін көрсетіп отыр.
24.kz
24.kz