Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттау себебі айтылды

Қазақстанда азық-түлік бағасының қымбаттау себебі айтылды

Биылғы жылғы ақпандағы жылдық инфляция 7,4% деңгейінде сақталды. Азық-түлік инфляциясы бағаның жалпы өсуіне ең көп үлес қосуын жалғастыруда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл туралы үкімет отырысы барысында Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаев айтып берді. 
"Азық-түлік тауарлары бағасының жылдық өсуі ішкі нарықтағы шектеулі ұсынысқа, әлемдік тауар нарықтарындағы бағалардың және отандық өндірушілер бағаларының өсуіне байланысты жекелеген тауар нарықтарындағы теңгерімсіздіктің сақталуынан биылғы жылғы қаңтардағы 11,4%-тен ақпандағы 11,6%-ке дейін жеделдеді", - дейді Досаев. 
Өткен айларда байқалған ет және ет өнімдері, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар бағалары өсуінің баяулауы биылғы жылғы ақпанда тоқтатылды.
"Азық-түліктің әлемдік бағасының өсуі қатарынан 9 айға созылып, бұл ФАО азық-түлік бағалары индексінің көп жылдық максимумына әкелді. Инфляцияның азық-түлікке жатпайтын және сервистік құрамдас бөліктерінің динамикасы әлсіз тұтынушылық сұраныс аясында салыстырмалы түрде тұрақты болып қалуда. Азық-түлікке жатпайтын инфляция 5,3%-тен 5,2%- ке дейін, ақылы қызметтер инфляциясы тұрғын үй-коммуналдық реттелетін қызметтердің жекелеген түрлеріне тарифтердің төмендеуі есебінен 4,1%-тен 3,9%-ке дейін баяулады. Жеке адамдарға қызмет көрсету және демалыс қызметтеріне бағалардың өсуі жалғасуда", - деп түсіндірді Ұлттық банк төрағасы. 
stan.kz
11 наурыз 2021 ж. 1 023 0

Қоғам

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031