Қызылорда облысындағы инфляция деңгейі анықталды
2019 жылғы тамызда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,3% құрады, деп хабарлайды облыстық статистика басқармасы.Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,3%,азық-түлік емес тауарларына- 0,4%, ақылы қызметтер тарифтеріне - 0,1%-ға жоғарылады.Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы жұмыртқаға 20,6%, күрішке- 10,6%, консервіленген және қайта өңделген балыққа - 1,9%, ірімшікке - 1,1%, макарон өнімдеріне және шұжықтық, басқа да еттен дайындалған өнімдерге - 0,7%-дан, жармаларға - 0,4%, алкогольді ішімдіктерге - 0,2%,темекі өнімдеріне - 0,1%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге және қантқа 3,5%-дан, жаңа жиналған жемістерге - 1,9%-ға тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі кеңсе тауарлары мен сызу құралдарына 3,3%,кітаптарға - 2,5%, емдеу жабдықтары мен аппараттарына - 1,7%, жуғыш және тазалағыш құралдарға - 1,2%, фармацевтикалық өнімдерге - 0,9%, киім және аяқ киімдерге - 0,5%-ға тіркелді. Бензин 0,1%-ға қымбаттады.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға шипажай қызметтеріне 3,4%, мейрамханалар мен қонақ үйлерге - 1,6%, саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға - 1,3%, демалыс, ойын-сауық және мәдениетке - 0,4%-ға жоғарылады. Бағаның өсімі жолаушылардың темір жол көлігіне 2,2%, ал жолаушылардың әуе көлігіне - 13,7%-ға төмендеді.
пайызбен; өсу+, төмендеуі-
2019 жылғы тамыз  | 2019 жылғы қаңтар-тамыз 2018 жылғы қаңтар-тамызға  | |||
2019 жылғы шілдеге  | 2018 жылғы желтоқсанға  | 2018 жылғы тамызға  | ||
Тауарлар мен қызметтер  | 0,3  | 2,8  | 5,3  | 5,0  | 
Азық-түлік тауарлары  | 0,3  | 5,6  | 8,3  | 6,8  | 
Азық-түлік емес тауарлар  | 0,4  | 3,0  | 6,4  | 6,3  | 
Ақылы қызметтер  | 0,1  | -0,7  | 0,6  | 1,3  | 







