Құрылтай
Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 12% өсті

Елімізде ең төменгі күнкөріс деңгейі 12% өсті

Негізгі тамақ өнімдерін тұтынудың ең төменгі нормаларынан есептелген орта есеппен халықтың жан басына шаққандағы ең төмен күнкөріс деңгейінің шамасы 2019 жылғы шілдеде 2018 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 12% жоғарылады. 

Статистика комитетінен хабарлағандай, оның құрылымында ет пен балықты сатып алуға жұмсалған шығыстардың үлесі – 19,9%, сүт, тоң май өнімдері мен жұмыртқаны – 14,8%, жемістер мен көкөністерді – 10,9%, нан және жарма өнімдерін – 7,4%, қант, шай және дәмдеуіштерді 2% құрады.
Ең төмен күнкөріс деңгейі – шамасы бойынша ең төмен тұтыну себетiнiң құнына тең, бір адамға арналған ең төмен ақшалай кiрiс. Ең төмен тұтыну себетi адамның тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті тамақ өнімдерінің, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің заттай және құн түріндегі ең төмен жинағын білдіреді. Ол азық-түлік себетінен және азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың тіркелген үлесінен тұрады. Ең төмен күнкөріс деңгейін есептеуге арналған аз тұтынылатын азық-түлік емес тауарлар мен көрсетілетін қызметтерге жұмсалатын шығыстардың үлесі ең төменгі тұтыну себеті құнының 45 пайыздық мөлшерінде белгіленген.
03 тамыз 2019 ж. 1 059 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№60 (9427)

11 тамыз 2026 ж.

№59 (9426).

08 тамыз 2026 ж.

№58 (9425)

04 тамыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31