Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылорда облысындағы инфляция туралы

Қызылорда облысындағы инфляция туралы


Kyzylorda-news.kz. 2019 жылғы мамырда тұтыну тауарлары бағасының индексі 100,2% құрады, деп хабарлайды облыстық статистика департаментынің баспасөз қызметі.
 Баға азық-түлік тауарларына өткен айда 0,4%, азық-түлік емес тауарларына - 0,2%, ақылы қызметтер тарифтері өткен айдың деңгейінде қалды.
Азық-түлік тауарлар тобында өткен айда бағаның жоғарылауы күрішке – 4,2%, ұнға – 3,8%, макарон өнімдеріне – 1,8%, жармаларға – 1,6%, сиыр етіне, жаңа жиналған жемістерге, балалар тағамына - 1,5% дан, шошқа етіне - 1,4%, алкогольсіз сусындарға  - 0,9%, нанға - 0,2%-ға байқалды. Бағаның төмендеуі жаңа жиналған көкөністерге - 6,5%, жұмыртқаға – 2,6%, шикі сүтке - 1,7% тіркелді.
Азық-түлік емес тауарлар тобында бағаның өсімі тұрмыстық аспаптарға – 1,6%, жуғыш және тазалағыш құралдар – 1,4%, тұрғын жайларды ағымдағы күтіп ұстау мен жөндеуге арналған материалдарға - 1%, жиһаз және үйге қажетті заттарға - 0,4%, киім және аяқ киімдерге -0,1%, -ға тіркелді. Дизель отыны 0,1%-ға жоғарыласа, бензин 0,9%-ға төмендеді.
Ақылы қызмет көрсету тобында баға саяхаттар мен демалыс үйлеріне жолдамаларға – 5,8%, салт-жора қызметтеріне – 5,5%-ға жоғарылады. Бағаның төмендеуі жолаушылар әуе көлігіне – 6%, темір жол көлігіне – 3,7% - ға тіркелді.
08 маусым 2019 ж. 1 074 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930