Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еңбекпен сергіген Сәрсенбаевтар

Еңбекпен сергіген Сәрсенбаевтар



«Күндік өмірің болса, түстік мал жи» деген бабаларымыздың тал бесіктен жер бесікке дейінгі бүкіл ғұмырында төрт түліксіз күні кем. Салт-дәстүрінде, өлең-жырында, тұрмыс тіршілігінде төрт түлікке қатысты тіршілік көрініс табады. Шілдехана, бесік той, тұсау кесер, сүндет тойы, келін түсіру, құда шақыру секілді керемет дәстүрлеріміз осынау тіршілігімізбен астасып жатыр.
Сол тіршіліктің тұтқасын ұстаған отбасының бірі ортақшылдық  Сәрсенбаевтар отбасы. Ата кәсіпке адалдықтың үлгісін көрсетіп отырған осынау отбасының шаруа қожалығы да, жеке кәсіпкерлігі де бар. Атап айтқанда, Серік Сәрсенбаевтың атындағы жеке кәсіпкерлік пен Сәндігүл Қарсыбай төрағалығындағы «Ботбаев» шаруа қожалығының жұмыстары бүгінде алға басуда. Құрылып, жұмысы жүріп жатқанына бес жылға жуық уақыт болған қожалық зеңгі баба мен қамбар ата тұқымының санын көбейтуге арналған жұмыстарды жандандыру үстінде. Жылдың төрт мезгілінде мал бағып, оның басын көбейту және өнімдерін молайту жолында жанкешті еңбек етіп жүрген ауыл еңбеккерлерінің төзімділігі мен сабырлылығына таң қалмасқа шара жоқ.
Иә, кәсіпті дөңгелетіп әкету үшін оның қыр-сырын меңгеру керек. Бастапқыда қиындықтар кезігер. Бастысы, қолға алған ісіңізді тереңінен зерделей біліп, қаржыны мақсатты жұмсай білсеңіз, еңбегіңіз зая кетпесі анық.
Түліктен ризық-несібе айырған С.Сәрсенбаев «Бастау-бизнес» бағдарламасы аясында 1 ай курс оқып, сертификатын иеленген соң, іргелі істі қолға алмаққа бекем бел буады.  Сөйтіп, 6 пайызбен ауыл шаруашылығын қолдау қорынан 5 жылға 6 млн. қаржы алады. Аталған қордан «Ботбаев» шаруа қожалығы да 1,5 млн. көлеміндегі қаржылай несиеге құжат рәсімдейді.  Содан шаруаның қауырт жұмысы 24 бас жылқы мен 11 бас сиырдан бас­талып кетеді. «Өрлеу» бағдарламасы арқылы 2 адамды жұмыспен қамтып, айлық жалақыларын да келіскеніндей төлеп отырғандығын білдік. Сондай-ақ, қожалық аумағында 108 гектар жайылымдық жерден малдың қора-жайы салынып, жем-шөпен қамтылыпты.  
Мемлекеттік бағдарламаның тиімділігін түсінген отбасының болашаққа құрған жоспары да ойға оралымды. «Ата-бабаларымыздың берекелі тірлігіне айналған кәсіп менің де алақанымды құр қалдырмас», – деген шаруа алдағы уақытта шаруашылықты дамытып, осы малдарының басын көбейтпек. Жем-шөпке, қолданысқа қажетті техниканы алу назардан тыс қалмапты.
Еңбекпен жетілген Серік Сәрсенбаевтың жанұясында «Адамды адам еткен – еңбек» қағидасы үстемдік құрған. Себебі, балалары мен немерелерін де еңбекке баулып, терлеп тапқан нанның дәмін сездіруге жігерін жұмсап, қайратын жануда Серік аға. Өз тарапымыздан біз де тындырымды тірліктен рақат тапқан шаруа қожалықтың еселі еңбегіне табыс тіледік.  Еліміздің осындай еңбекқор азаматтары  кәсібінің нәсібін көріп, табысқа жетсін дейміз.
Дина ЖҮСІПОВА.
04 наурыз 2018 ж. 1 249 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930