Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада инвесторлармен 42 жобаға қол қойылды

Қызылордада инвесторлармен 42 жобаға қол қойылды

 Бұл туралы елордада ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов айтты.
«Әлеуметтік маңызды мәселелерімізді шешуде бізге мемлекеттік-жекешелік әріптестікті дамыту үлкен демеу болды. Мәселен, мемлекеттік-жекешелік әріптестік арқасында өткен жылдары «Балапан» бағдарламасын мерзімінен бұрын орындай алдық», – дейді облыс әкімі.
Қазіргі таңда денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, спорт, қоғамдық тәртіп, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы және тағы басқа салаларда 142 жоба бар. Олардың 42-сі бойынша инвесторлармен жобаларды жүзеге асыру туралы келісім шартқа қол қойылған.
Бүгінде Қызылорда облысында мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалана отырып, жеке инвесторларды ынталандыру, тарту жолға қойылған. Осы арқылы аймақтағы маңызды мәселелер шешімін табуда. Сонымен қатар мемлекеттік-жекешелік әріптестік принципін пайдалану бюджет қаражатын үнемдеп, оларды басқа да әлеуметтік-маңызды мәселелерді шешуге бағытталады.
Kyzylorda-news.kz.
22 қараша 2019 ж. 1 048 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№70 (9337)

16 қыркүйек 2025 ж.

№69 (9336)

13 қыркүйек 2025 ж.

№68 (9335)

09 қыркүйек 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930