Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қызылордада ангиографиялық зертхана құрылады

Қызылордада ангиографиялық зертхана құрылады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылордада 2 ангиографиялық зертхана құрылатын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР Ақмолада дəрігер кадрларды сақтау бойынша жағдай түсіндірілді Ғалымдар кеш тамақтанудың қауіпті екенін анықтады Халыққа тегін қызмет көрсеткен медицина ұйымдарына 599,3 млрд теңге төленді Осы мақсатта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында келісімшартқа қол қойылды. Аталмыш шара барысында облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың маңыздылығын атап өтті. «Біз осының нәтижесінде облыстық медициналық орталық пен Қазалы аудандық орталық ауруханасында ангиографиялық зертхана құруға қол жеткіземіз. Барлық қажетті шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда аймақта мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында құны 34 млрд. теңге болатын 75 жоба іске асырылуда», - деді аймақ басшысы. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 2009 жылы облыстық медициналық орталық базасында орнатылған жалғыз ангиографиялық қондырғы бар. Соның көмегімен 5 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, операция жасалған. Нормативтерге сәйкес, 1 ангиографиялық қондырғы 250 мың адамға есептелген. Аймақта оған жалпы қажеттіліктің тек 40 проценті ғана қамтылған. «Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен қатар, алғаш рет аудандық аурухана деңгейінде МЖС аясында эндоваскулярлық хирургия енгізіледі, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді етуге мүмкіндік береді», - деді А. Әлназарова. Айта кетейік, өткен жылы «Медтроник Қазақстан» ЖШС Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке қаржылық есебінен 2 ангиографиялық қондырғы құру туралы бастама көтерген еді.

inform.kz
14 қараша 2018 ж. 1 048 0