Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Облыс әкімі: Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейді

Облыс әкімі: Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейді

 ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өтіп жатқан брифингте Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Байқоңыр қаласын дамыту күн тәртібінен түспейтіндігін жеткізді.
Бүгінде Қызылорда облысында Үкіметпен бірлесіп Байқоңыр қаласын, сондай-ақ, оған іргелес жатқан Төретам және Ақай елді мекендерін дамытуға республикалық бюджеттен қаржыландыруды ұлғайту бойынша жұмыс жүргізілуде.
«Мәселен, биыл Байқоңыр қаласында тұрып жатқан Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған 50 пәтерлік 5 үйдің құрылысын аяқтадық. Бұл екіжақты қарым-қатынас аясындағы үлкен жетістік, себебі, өздеріңіз білетіндей, қала негізінен Ресей Федерациясының юрисдикциясында қызмет етуде», – деп атап өтті аймақ басшысы.
Оған қоса тағы 5 көппәтерлік тұрғын үйлердің құрылысын салу жөнінде шешім қабылданған.
Сонымен қатар, қайта жаңғыртуға жататын қаланың су құбыры және кәріздік жүйелері жалға беруден шығарылып, 7 жылғы мерзімге Қызылорда облысының коммуналдық меншігіне берілді.
Kyzylorda-news.kz.
22 қараша 2019 ж. 719 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930