Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Жүкті әйел ауыр диагноз қойылған сәбиін босанып, ағзаларын науқас балаларға берді

Жүкті әйел ауыр диагноз қойылған сәбиін босанып, ағзаларын науқас балаларға берді


АҚШ-тың Теннесси штатының тұрғыны құрсағындағы нәрестесінің дамуында үлкен ақау барын білген. Алайда ол сәбиінің ағзаларын науқас балаларға беру үшін, оны өмірге әкелмек. Бұл туралы KRDO басылымына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Криста Дэвис жүктілігінің 18-аптасында жүргенде оның құрсағындағы сәбиіне анэнцефалия диагнозы қойылған. Сәбидің дамуындағы мұндай ақау кезінде үлкен ми сыңары, бас сүйегінің бір бөлігі болмауы мүмкін. Әдетте, мұндай ақауы бар сәбилер 30 минуттан ұзақ өмір сүрмейді.
Алайда Дэвис жүктілігін тоқтатудан бас тартты. Ол сәбиін босанып, оның ағзаларын науқас балаларға бермек.
Ол салмағы 2,72 келі болатын қыз баланы босанды. Жаңа туған нәресте бір аптадан кейін шетінеп кетті. Оның жүрегінің клапандары науқас балаларға берілді. Ал өкпесін анэнцефалияның алдын алудың әдісін іздеп жүрген зерттеушілер алды.

http://stan.kz/

13 ақпан 2019 ж. 691 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№56 (9323)

29 шілде 2025 ж.

№55 (9322)

28 шілде 2025 ж.

№54 (9321)

22 шілде 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031