Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Astana Arlans мүшелері аукционнан түскен қаржыны науқас балаларға табыстады

Astana Arlans мүшелері аукционнан түскен қаржыны науқас балаларға табыстады



Қайырымдылық аукционының жалпы қоры 7 миллион теңгені құрады, деп хабарлайды Атырау облыстық Өңірлік коммуникациялар қызметі. Атырауда Бүкіләлемдік бокс сериясының (WSB) VIII маусымының жартылай финалдық ойыны өтті, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Ойын соңында аукцион өткізіліп, Astana Arlans командасы спортшыларының қолғаптары ойнатылды. Аукционнан көтерілген қаржы 7 миллион теңгені құрады. Бүгін, 29 мамыр күні түскен қаражаттың барлығы науқас балалар еміне жұмсалды.
- Уәде еткендей Атырау облыстық спорт басқармасымен бірге 2 миллион теңгені көмекке мұқтаж Данло Элерса синдромына, цереброастеникалық синдромына шалдыққан, ДЦП және эпилепсиямен ауратын 4 науқас балаға табыстадық. Қалған 5 миллион теңгені Корея елінде ем алып жатырған Алима Көпейдің еміне жібердік, -дейді Astana Arlans командасының PR-менеджері Шыңғыс Түсібаев.
Ауыр диагноз қойылып, шұғыл түрде емге мұқтаж балалар туралы ақпарат қалалық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдарламалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінен алынды.
- Менің қызымда сирек кездесетін Данло Элерса синдромы. Оның еміне жыл сайын қомақты қаражат кетеді, сол себепті қалалық бөлімнен көмек сұраған болатынмын. Осындай қасиетті айда қолдау көрсеткендеріңізге рахмет. Біз шынымен күтпедік, - дейді қала тұрғыны Диляра Гилаева.

Baq.kz
30 мамыр 2018 ж. 1 055 0