Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Головкин-«Канело»: Үшінші айқас бойынша келіссөздер басталды

Головкин-«Канело»: Үшінші айқас бойынша келіссөздер басталды


Golden Boy промоутерлік компаниясының басшысы Оскар де ла Хойя Геннадий Головкин мен Сауль «Канело» Альварестің үшінші жекпе-жегі бойынша келіссөздер процесінің басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды inform.kz.
Мексикалықтың жағы айқасты  Лас-Вегаста «Синко де майо» мекересінде демалыс күні өткізуді жоспарлап отыр.
Бұдан бұрын олар «Канелоның» рингке 4 мамырда оралатынын мәлімдеген еді.  «Кеше Головкиннің адамдарымен алдын ала келіссөздер өткіздім. Біз «Синко де майо» мерекесінде үшінші жекпе-жек өткізуді ұсындық. Бұл Лас-Вегаста бокс үшін маңызды дата. Сондықтан, біз келіссөздерді бастаймыз. «Канело» кез келген боксшымен айқасуға дайын. Олардың үшінші жекпе-жегі - жақсы мүмкіндік. Келіссөздер басталды, соңы не болатынын көреміз», - деді Де ла Хойя ESPN Houston радиосына берген сұхбатында.

Еске салайық, GGG мен «Канелоның» алғашқы екі жекпе-жегі Лас-Вегаста өткен еді. Бірінші айқас даулы тең нәтижемен аяқталса, екіншіде төрешілер жеңісті Альвареске берді.
13 қаңтар 2019 ж. 1 080 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№22 (9389)

28 наурыз 2026 ж.

№21 (9388)

23 наурыз 2026 ж.

№20 (9387)

17 наурыз 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031