Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Аста-төк үйлену тойына тыйым салынбақ

Аста-төк үйлену тойына тыйым салынбақ



Қытайда қомақты қаражат кететін тойларды өткізуге тыйым салынбақ. Биліктегілер ата-анаға ұсынылатын үлкен сыйлықтарды да қысқартуды ойластыруда деп хабарлайды "Хабар24".Цзинань қаласындағы "той реформасын" реттеуге қатысты жиналыста азаматтық істер бюро қызметі осындай ұсыныс тастады. Жиналысқа қатысушылар үйлену тойлары тәрбиелік мағынаға ие болып, ел бірлігін насихаттайтын идеологияға лайықты болуы қажет деп санайды.
Қуанышқа кенелген екі тарапта белшесінен шығынға батпағаны дұрыс. Қазіргі таңда Қытайдағы бойдақтар саны 30 миллионға жуық. Қалыңдық саны бұл көрсеткіштен аз болғандықтан, қалың малдың бағасы көтеріліп кеткен.
Елді мекендердегі қарапайым тұрғындар ұлын үйлендіруге бір жылда жинаған ақшасын беруі ықтимал. Мәселен, Хубэй провинциясында ата-анаға ұсынатын сыйақы құны 30 мың АҚШ долларына жетіп қалған. Ал бұл өңірдегі адамдардың жылдық табысы шамамен 2800 АҚШ долларын құрайды. Осы себепті мамандар мұндай мәселелерді заң жүзінде шектеу қажет деп санайды.
"Өмірде бір-ақ берілетін тойды жақсылап атап өту қажет деп санаймын. Қаражатыңызды қуаныштан артық көрсеңіз, той жасамаған дұрыс. Ал үйленген соң жоғары деңгейде тойлату керек деп ойлаймын", - дейді Бейжің қаласының тұрғыны Ван Ханьсюан.
20 желтоқсан 2018 ж. 1 213 0