Қытай халқы қартайып барады
2050 жылға қарай Қытай халқының үштен бір бөлігі қартаяды. Мұндай болжамды Аспан асты елінің Денсаулық сақтау істері жөніндегі комитеті мәлімдеді. Ресми органның дерегіне қарағанда, осы ғасырдың ортасына қарай Қытайда жасы алпыстан асқан адамдардың саны 487 миллионға жетіп, халықтың 35 пайызын құрайды. Олардың саны өткен жылдың өзінде-ақ 241 миллионға жеткен болатын. Салдарынан оларға көрсетілетін дәрігерлік қызметтің көлемі артып, мемлекеттің жалпы ішкі өнімінің 26 пайызын құрайды. 2015 жылы бұл көрсеткіш 7 пайыз шамасында болған. Ал жалпы әлемдік өлшемге сәйкес, егер мемлекетте жасы 65-тен асқан тұрғындардың саны 7-14 пайызды құраса, онда ұлт қартайып бара жатыр деп топшылауға негіз бар.
www.24.kz