Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қазақстандықтардың 57% ауылда тұрады

Қазақстандықтардың 57% ауылда тұрады


2017 жылдың соңында елімізде 18,16 млн қазақстандық болды. Бұл бір жыл бұрынғы кезеңге қарағанда 1,3% (238,9 мың адам) көп.
Ал, 2016 жылмен салыстырғанда 1,4% (247,3 мың адам) асқан.

Бұл туралы Вaq.kz ақпарат агенттігі ranking.kz басылымына сілтеме жасап хабарлайды. 
2020 жылға дейінгі елдің территориялық-кеңістік дамуының болжам схемасында қарастырылған урбанизация процесі өсімнің бірдей болмауына әсер етеді. Негізінде, ауылдарға қарағанда қалаларда адам саны артып жатыр. Қаладағы тұрғындар 10,43 млн адамға (1,7%), ал ауылда 7,73 млн адамға 0,8% көбейді.
Ал, бүкіл ел бойынша 2017 жылы қалада тұратын халық көлемі 57,4%, ауылдықтар 42,6% болды.
Осы жылдың көктеміне қарай халық саны 38,8 мың адамға (0,2%) артып, 1 наурызда Қазақстанда халық саны 18,2 млн-ға жетті.
Осы жылдың алғашқы екі айында қала халқы 25,9 мың адамға (0,2%) артып, 10,45 млн-ға жетті. Сонымен қатар, ҚР бойынша 16 өңірдің 12-сінде қалалық тұрғындардың саны көбейді.
Тұрғын саны көбею жағынан Алматы 9,7 мың (0,5%) адамға артып, 1,81 млн адамға жетіп, көш бастап тұр. Ал екінші орын халқы 6,8 мың адамға (0,7%) көбейіп, 1,39 млн адаммен Астанаға бұйырды. Үздік үштікті ОҚО толтырады. Онда халық саны 4,7 мың (0,4%) адамға артып, 1,35 млн-ға жетті.


12 сәуір 2018 ж. 958 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930