Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Мәскеуде миллиардтаған сферелардан тұратын анимациялық фильм ұсынылды

Мәскеуде миллиардтаған сферелардан тұратын анимациялық фильм ұсынылды


Мәскеудің МАРС галереясында өнер туындысының ерекше түрі ұсынылды, деп хабарлайды «Хабар 24».
Орыс суретшісі Максим Жестковтың сандық графикасы көпшілікті таңқалдырды. Миллиардтаған ұсақ сфералар сан-алуан түске боялып, түрлі қалыпқа келеді.
Айта кеткен жөн, суретші ұзақ жылдар бойы компьютерлік анимациямен айналысқан. Сондай-ақ ол физика заңдарын зерттеп келеді. Суретшінің айтуынша, мың құбылған ұсақ бөлшектер арқылы ол адамның көңіл-күйін сипаттай алады. Бейнепроекцияны тамашалау үшін көрме залдарын аралаудың қажеті жоқ. Көрермен арнайы бөлмеге кіріп, жан-жағынан қаумалаған сфераларды тамашалай алады.

24.kz
13 қазан 2018 ж. 923 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031