ҚАРАПАЙЫМ ӨМІРДІ ДӘРІПТЕГЕН СУРЕТШІ
Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінде Қостанай облысы әкімдігінің Мәдениет басқармасымен бірлесіп Георгий Соковтың «Қарапайым өмірді дәріптеу» атты көрмесінің ашылу салтанатын өтті.
Көрме Қазақстанның әртүрлі аймақтарындағы суретшілердің шығармашылығын насихаттауға арналған жоба аясында ұйымдастырылып отыр.
Көрмеде суретшінің 30 жылдық еңбегінің жемісі саналатын сериялы «Қостанай базарлары» атты акварельдік жұмыстары қойылды. Жұмыс қаланың қоғамдық орындарының күнделікті көріністерін, атап айтқанда, қалалық базарлардың атмосферасын бейнелейді. Автордың айтуы бойынша, базар – күнделікті күйбең тіршілігімен айналысып жүрген қарапайым адамдардың топтасатын және лакмус қағазы сияқты белігілі бір уақыттың өзіндік ерекшеліктерін бере алады. Мұнда ескі достармен және ескі таныстармен кездесіп қалуға болады. Базарда соңғы жаңалықтарды тыңдап, дүниелік даналықтың құпияларына ой жүгіртіп, жаныңды жайып тастай аласың. Георгий Соков әрбір туындысында айналасында сәттік тарих өрбитін басты кейіпкер жасайды. Суретші өз канондары арқылы өмір сүретін тірі әлемді сезіндіре отырып, көз алдыңа әкеледі. Бұл жерде бәрінің жаны бар және барлығы қайнап жатыр. Суретші жарқын бояулармен бейнелеген туған қаланың бейнесі бір жағынан мысқылды, бір жағынан мейірімді. Суретші шығармашылығынан жоғары мәдениеттің, ғажайып қиял мен нәзік көріністердің лебі еседі.
Георгий М Соков Қостанай облысында туған. Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі. Суретші майлыбояу, кескіндеме (эстамптер, линогравюра) сынды әралуан техникада жұмыс жасайды. Негізінен кескіндемеші, кітап безендіруші және театр суретшісі ретінде кеңінен танымал. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығына арналған мерейтой медалімен, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған мерекелік медалімен, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Мәдениет Қайраткері» төсбелгісімен марапатталған. Георгий Соковтың шығармалары бірнеше рет Ресей, Польша, Румыния, Англия, Италия, Франция, Аргентина сынды елдерде қойылған.
1 сәуірге дейін жалғасатын бұл көрме келушілерді асыға күтеді.
Еркін ҚАЛДАН