Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдегі ең ерекше мектептер

Әлемдегі ең ерекше мектептер


 Мектеп десе көз алдымызға күнделікті білім алып жүрген алтын ұя ордамыз еске түседі. Қырық бес минут сабақ пен қоңыраудың қызығы, бала махаббат, хат алмасу сынды ұғымдар бірден ойға оралады. Алайда, әлемде одан да қызықты дүниелер бар. Білім берумен ғана ерекшеленбейтін жетілікке енген ерекше мектептерге назар салайық, ендеше!

1. Жер астында орналасқан Террасет
Террасет мектебі – Вирджиния штатының Рестон қаласында орналасқан. Бұл мектепті «Жер асты оқушылары» деп атайды. Бұл мектептің салынуына басты себеп – 70 жылдары Америкада болған үлкен дағдарыс. Сол дағдарыс нәтижесінде, өзін-өзі жылытатын, қуатты үнемдейтін мектеп салынған. Міне, бүгінгі күні осы ғимараттың білім ордасына айналғанына 40 жылға жуық уақыт өтіпті. Жер астында орналасқан бұл мектеп өзін жылытып қана қоймай, салқындата да алады.   2. Альтернативті Альфа Ескі қала есептелетін Канадада 1972 жылы Альтернативті Альфа мектебінің негізі қаланған. Бұл мектептің басты ерекшелігі балаларға сабақ беру тәсілі өзге мектептерге қарағанда басқаша болуында. Идеясы да айрықша. Айталық, мектепте сабақ кестесі жоқ, барлығын оқушылардың өздері белгілейді. Ұстаздары әр оқушыға жеке тұлға ретінде қарап, қызығушылықтарына сәйкес көмек көрсетеді. Оқушыларға үй тапсырмасы берілмейтіндіктен, күнделікке баға қойылмайды. Әр сынып балалардың жасына емес, олардың қызығушылығына сәйкес құралады. Мектепке қатысты мәселелердің барлығын оқушылар, ата-аналар, ұстаздар ай сайын өтетін жиналыста бірге талқылайды. Оқу үрдісіне ата-аналары да қатысады. Альфа мектебінің ұраны – бірігіп білім алу. 
3. Суда жүзетін мектеп
Камбоджадағы Тонлесап өзенінің үстінде орналасқан Кампонг Луонг мектебі нақ суда орналасқан. Бұл аймақтағы тұрғындар суда жүзетін мектепке таң қалмайды. Себебі дүкен, үй, ғимарат атаулысының барлығы дерлік судың үстінде орналасқан. Аталмыш  мектепте 60 оқушы білім алып жатыр. Қырық баланың әке-шешесі балық аулау кезінде суға батып кеткендіктен, жетім қалған. Мектептің ішінде бір ғана сынып бар. Ал мектепке кір жуатын кіршімен жүзіп барады. Көбінесе туристер жетім балаларға киім-кешек, тәтті тағамдар апарып беретіндіктен, ата-аналарының жоқтығы аса байқала бермейді. Мектеп оқушыларының жағдайы толықтай жасалған. Олар әдеміше келген айдын көлдің жағасында тұрады және онда кітапхана, компьютер сыныптары, спортзал бар.  4. Ең кішкентай білім ордасы Бұл мектепте оқитын оқушылардың жолы болды. Себебі ғимараттары жаңа әрі ата-аналарымен бірге білім алады. Бұл өлкедегі оқушылар ата-аналарын бірнеше ай бойы көрмей, интернетта жатып оқитын немесе ата-аналарының жанында болу үшін сабаққа бармайтын. Енді жағдай өзгерді. Бұл мектепті әлемдегі ең кішкентай білім ордаларының қатарына қосуға болады.  Өйткені оқушылары да, ұстаздары да өте аз. Яғни мектепте небәрі 6-8 оқушы, 2 мұғалім бар. Соған қарамастан, ел қатарлы білім алып жүр. Интернеттің арқасында мектеп оқушылары сабақ үстінде өзгелерімен білім алмаса алады.  5.  Орестад ашық мектебі Орестад ашық мектепті  заманауи өнер туындысы деп атауға болады. Әдеттегі мектептен тек ғимаратымен ғана емес, білім сапасымен де ерекшеленеді. Бұл – ғимараттың ішінде әр сыныпты бөліп тұратын қабырғалар жоқ. Мұнда төрт қабатты біріктіруші – баспалдақтар ғана бар. Ондағы баспалдақта өзге оқушылар демалып, үй тапсырмасын орындайтын дивандар орналасқан. Мектеп оқушыларының айтуынша,  «Біздің арамызды бөліп тұратын керегелер жоқ, әрі шаңырағымыз биік» дейді. Бұл сөздердің астарында философиялық зор мән жатыр. Сонымен қатар оқушылар электронды кітаптар мен интернет мәліметтерін еркін пайдаланады.  6. Таңғажайыпқа толы орталық Бұл мектепте оқуды барлығы да  армандайды. Әзірге Америка оқушыларының ғана қалауы жүзеге асып жатыр. География пәнін меңгеру үшін аймақтарға барады, биология пәнін оқып жатқан кезде жан-жануарлармен, өсімдіктермен жұмыс істейді. Сәулет өнерін қаланың ең көрікті жерлерінде жүріп оқиды. Мектеп педагогтарының айтуынша, экспедициялардың көмегімен оқушылардың білімге деген құштарлығын арттыруға болады. Сонымен қатар,  спортпен, йогамен айналысып, рок группаларда ән салады. Осылайша, мектеп қабырғасында естелікке толы күндер өткізеді. 7. Қытайдағы үңгір мектеп Аты аңызға айналған Қытайдағы үңгір мектебі. Гуйчжоу провинциясының тұрғындары өте қарапайым тұрмыста өмір сүреді. Осы қарапайымдық кесірінен ұзақ уақыт бойы білім ала алмай жүрген еді. Ең алғашқы мектептері 1984 жылы ашылған. Себебі мектеп ашуға қаражаттары болмағандықтан, оны үңгірден жасаған болатын. Онда сынып, спорт алаңы және демалыс бағы бар. Алғашқыда  бір ғана сынып болады деп жоспарланған. Ал бүгінде мектепте 186 бала оқиды. Әр бала мектепке 6 сағат бойы жол жүріп келеді. Білімге деген құлшынысты осыдан-ақ аңғаруға болады.
Massaget.kz
01 қазан 2018 ж. 1 741 0