Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та қызыл панда тұңғыш рет жасанды ортада күшіктеді

АҚШ-та қызыл панда тұңғыш рет жасанды ортада күшіктеді


АҚШ-тың Милвоуки зообағы қызыл пандамен толықты, деп хабарлайды «Хабар 24». Ол жасанды ортада тұңғыш рет күшіктеген. Оған зообақ ветеринары Доктор Лили Паркинсонның есімі беріліпті. Панданың күшігі шілденің басында дүниеге келді. Қазірде оның салмағы 3 келіден асады. Әдетте ересектерінің салмағы шамамен 6 келіге жетеді. Айта кеткен жөн, панданың бұл ерекше түрі зообаққа келушілердің айрықша ықыласына ие. Жалпы қызыл панданың отаны – Непал таулары, Солтүстік Мьянма мен орталық Қытай аймағы. Заңсыз браконьерлік пен орманды жерлердің азаюы салдарынан бүгінде қызыл панда жойылудың аз-ақ алдында. Бүгінде табиғи ортада ересек пандалардың екі жарым мыңы ғана қалған көрінеді. Оның үстіне қызыл пандалардың арасындағы өлім деңгейі 86%-ға жеткен. Кэти Кун, Милвоуки зообағының супервайзері: - Олардың жойылып кету қаупі жоғары. Жабайы табиғаттағы саны 3 мыңнан да аз. Қызыл панданы қорғау ұйымы олардың нақты санын анықтауға бар күшін салуда. Өте нәзік болғандықтан табиғи ортада ұзақ өмір сүре алмайды. Оның үстіне заңсыз аулау жағдайды қиындатып отыр.
www.24.kz
28 қыркүйек 2018 ж. 1 890 0