Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚИЫН ЖӘНЕ ЕҢ ОҢАЙ ТІЛДЕР

ӘЛЕМДЕГІ ЕҢ ҚИЫН ЖӘНЕ ЕҢ ОҢАЙ ТІЛДЕР

Туыстық тұрғыдан қарағанда үйренуде аса қиындық тудыратын тіл ретінде – «баск» тілін атап өтуге болады. Өйткені басктің әлемге танымал тілдердің ешбірімен байланысы жоқ. Біз білетін өлі тілдермен де, тірі тілдермен де ұштастыра алмаймыз. Ал Гиннестің рекордтар кітабына көз жүгіртер болсаңыз, чиппева (үндіс халықтарына тән), хайда (Солтүстік Американың солтүстік-батысын мекендейтін халыққа тән), табасаран (Дағыстанның кейбір халықтарына тән) және эскимос, қытай тілдеріне ең қиын тілдер деп баға бергендігін оқисыз. 
Кітапта аталған тілдердегі қиындықтарды былай деп түсіндіреді: қытай тілі – иероглифтік хаттардың ерекшелігімен қиын, табаран тілінде 48 септік бар; хайда тілінде 70 префикс қолданылады; чиппева тілінде 6000-ға жуық етістік формалары бар; эскимос тілінде осы шақтың 63 формасы, қарапайым зат есімдердің өзінде 252 флексия бар. Жазу жағына келгенде, қытай, жапон және араб, корей тілдері ең қиын тілдер болып табылады. 
Бұл тілдер тіпті жергілікті қолданушылардың өзіне ауыр тиеді. Мәселен, Жапонияда білім беру мерзімі он екі жылға созылады да, бұл уақыттың жартысы ана тілі мен математика пәндеріне арналады. Сондай-ақ жапон оқушыларын мектепке дейін даярлау жұмыстары өте қызу әрі қатаң түрде жүргізіліп отырады. Мектепті аяқтау емтиханында 1850 иероглифті жаттап, тапсыру керек екен. 
Тағы бір сұрағымыз жауапсыз қалып барады: «Ең оңай тілдер қандай? Меңгеруде аса қиындықтарға соқтыра бермейтін, оңай тілдердің қатарына африкаанс, дат, голланд, француз, итальян, норвег, португал, румын, испан және швед тілдерін атауға әбден болады. 
Массагет.кз
25 қыркүйек 2018 ж. 1 944 0