Мысырда Сфинкстің жаңа мүсіні табылды
Мысырдың Луксор қаласында жол жөндеп жатқан жұмысшылар жер астынан Сфинкстің жаңа мүсінін тапты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі ria.ru порталына сілтеме жасап.
Көне ескерткіштер ісі жөніндегі басқарма басшысы Мухаммед Абдель Азиздің айтуынша, мүсінде бет әлпеті адамдікі болып келетін арыстан бейнеленген.
Сондай-ақ бұл мүсін Гизе қаласындағы атақты Сфинкстан еш кем түспейді. Дерек бойынша, ол мүсін (б.э.д. 2500 жыл бұрын) Хефрен көне патшалығының IV династиясы әрі 4 фараонының бұйрығымен салынған.
Мүсінді жердің астынан алып шығуға ешкім асығар емес. Мамандар ауа райының күрт өзгеруіне байланысты мүсінді бүлдіріп аламыз ба деп қорқып отыр.
Baq.kz