Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қытайда салынып жатқан Олимпиада қалашығынан император сарайының орны табылды

Қытайда салынып жатқан Олимпиада қалашығынан император сарайының орны табылды


Қытай археологтары Чжанцзяко қаласында салынып жатқан Олимпиада қалашығы орнынан 1800 жыл бұрынғы көне мәдени ескерткішті тапты, деп жазады Синьхуа. ҰҚСАС ЖАҢАЛЫҚТАР ҚХР СІМ басшысы «Бір белдеу, бір жол» бастамасының алтын ережесін айтып берді Қытай төрағасының билікте отыру мерзімін шектеу алынып тасталуы мүмкін Қытайда екі қабатты автобус аударылып, 18 адам көз жұмды Бейжің 2022 жылы  Қытай астанасынан 200 км қашықтықта орналасқан Чжанцзяко қаласымен бірлесіп Олимпиада ойындарын өткізетін болады. Бұл мәдени ескерткіш Чунли ауданының Тайцзычэн ауылы маңынан табылған. Мәдени ескерткіштерді зерттеу жөніндегі провинциялық институттың сарапшылар тобы өткен жылдың мамыр айынан бері көне орында жұмыс жасап жатыр. Аталған институттың кіші ғылыми ғызметкері Хуан Синьнің айтуына қарағанда,  бұл қирандылар Цзинь династиясы (1115-1234 жылдар) кезіндегі империялық сарайға тиесілі. Жазғы хан сарайы тікбұрышты формада салынған. Ол жерден империя мөрі басылған  кірпіштер, 15 фарфор тарелкасы басқа да құнды заттар табылған. Археологтар сарайда Цзинь династиясында өмір сүрген императорлар Шицзун (1161-1189 жыл) мен Чжанцзун(1190-1208 жылы) тұрған деп есептейді. Айта кетейік, Чунлидің таулы аудандарында 2022 жылы Қысқы Олимпиаданың шаңғы жарыстары өтпек.



09 наурыз 2018 ж. 1 080 0