Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Алматыдағы алып тиін мүсіні

Алматыдағы алып тиін мүсіні

Алматы қаласындағы Атакент көрмесі аймағына қойылған алып тиін мүсіні көпшілікті таңдандыруда. Барғандар суретке түсіріп қызықтаса, әлеуметтік желі қолданушылары қызу талқыға салуда. Алып тиіннің биіктігі 4 қабатты (13 м) үймен бірдей. Оны жасауға 15 тонна темір мен болат, 3 тонна ағаш, 3 тонна сабан жұмсалған. Жоба авторы - британдық суретші Алекс Ринслер. Ал жобаның бас ұйымдастырушысы - қаланы безендіру жұмыстарын жүргізетін FUNK креативті агенттігі. Олар "Алматы - жылы қала" жобасы аясында қала әкімдігіне 11 сәулет нысанын ұсынған. Сараптай, таңдай келе алып тиін мүсіні таңдалыпты. Неге тиін таңдалған?
Расымен алып мүсін жасау үшін неге тиін таңдалған? Бұл көпшілікті қызықтырған сауалдың бірі. Бұл туралы жоба авторы Алекс Ринслер: "Мен әлемнің көптеген қалаларында мүсін жасадым. Әсіресе 100 жылдай уақыт бұрын жан-жануарлар қалаға қалай бой үйреткенін көрсеткім келеді. Олар да біз секілді қалаға келгенде түрлі қиындықтарға тап болады. Мүсіндердің көпшілігі адамдарға арналып салынады. Оларға үздік болғаны үшін. Ал тиін қарапайым халыққа, отбасыға арналған, - дейді. - Алекс Ринслер Алматыға келіп экологиялық орындар - бақтар мен саябақтарды аралап, онда көбіне қандай жануарлар өмір сүретінін бақылап көрді. Нәтижесінде тиінді таңдады. Алматыда жиі кездестіруге болады. Тиін - энергия мен қимыл-қозғалыстың белгісі. Тіршілігі қайнаған мекен. Қала тұрғындары да өте белсенді.
Тиін да еңбекқор жан-жануарлар қатарынан. Демек бұл тіршілік иесі алматылықтардың тұрмыс-тіршілігінен хабар береді, - деді FUNK креативті агенттігі басшысы Майра Измаилова. Алып тиін мүсінін жасауға қанша уақыт кеткен? Мұндай тиінді жасау да ұзақ уақытты алады. Бір сөзбен айтқанда қыруар еңбектің жемісі. Мүсінді жасауға бір айға жуық уақыт жұмсалған. 30-ға жуық маман күш салып, ертерек бітіруге тырысқан. Тиін мүсіні жайлы айтар болсақ, ішкі бөлігі бос орнатылған. Болат пен темірден құйылып, ағаш фанермен қапталған. Ал сырты сабанмен көмкерілген. Желге ұшпас үшін, тез жанып кетпеу үшін арнайы сұйықтықтармен өңделген. Қанша қаржы жұмсалған? Алып тиінді жасауға аз қаржы жұмсалмағаны анық. Мемлекеттік және FUNK креативті агенттігінің бірлескен бұл жобасын жүзеге асыруға 23 миллион теңге кеткен. Ол алып мүсінді жасауға арналған қажетті материалдарды сатып алуға, суретшілерге, логистикалық жұмысқа, PR мен жартыжылдық жұмысына жұмсалған. "Бұл көп көлемдегі қаржы емес", - дейді деді FUNK креативті агенттігі басшысы Майра Измаилова. Қанша уақыт тұрады? Алып тиін мүсіні уақытша орнатылған. 9 айдан кейін жиналып алынады. Бір қызығы, Алекс Ринслер өзінің мұндай өнер туындыларын өртеп жібереді екен. Бұл жолы жергілікті жағдайға байланысты (қала ортасында, айналасында ғимараттар орналасқан) өртемейді.

Massaget.kz
14 шілде 2018 ж. 2 753 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930