Археологтар Түркияда 2 мың жылдық тарихы бар үйді тапты
ДЕНИЗЛИ. ҚазАқпарат - Түркияның Денизли провинциясының Булдан ауданындағы Триполис атты қаласында эллинизм кезеңіндегі вилла табылды. Бұл үй шамамен осыдан 2 мың жыл бұрын салынған, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Анадолу» агенттігіне сілтеме жасап.
Қазба жұмыстарының жетекшісі Памуккале университетінің археология кафедрасының профессоры Бахадыр Думан Триполис қаласында қазба жұмыстарының 6 жылдан бері жүргізіліп жатқандығын айтты. Қазба жұмыстарының барысында осыған дейін ені 5 метр және ұзындығы 45 метр болатын жол табылған.
«Қазба жұмыстары кезінде табылған вилла Александр Македонский қаза болған кезден бастап Рим билігі орнаған кезеңге дейінгі аралықты қамтитын көне эллинизм - Жерорта теңізі тарихы кезеңіне жатады. Үй иесі болжам бойынша, саудагер болған. Үйдің кәріз жүйелері бұзылмай сол күйінде сақталған. Онда үлкен жуынатын бөлме, зал, жатын бөлме, балалар бөлмесі мен жұмыс кабинеті бар»,-дейді Бахадыр Думан. Сондай-ақ үй 12 бөлмеден тұрады.
inform.kz