Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ТҮРІКТЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН БАС

ТҮРІКТЕРДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН БАС


Германия археология институтының зерттеушілері Түркияда қазба жұмыстарын жүргізіп жатып бұрын-соңды болмаған бас тауып алды. Кәдімгі адамның басы. Гёбекли-Тепедегі зираттардан табылған бұл олжа  өз ерекшеліктерімен ғалымдарды ойға қалдырды. Ол түрлі кескіндерге толы. Ғалымдардың пікірінше, сүйектерді кесу ежелгі дәуір адамдарына тән құбылыс. Неолит өркениетінде өмір сүрген адамдардың пайдаланған белгісі болуы әбден мүмкін. Мамандар бұл туралы нақты пікір айтып, дұрыс шешім шығармағанымен, қорымды зерттеуші  археологтар мен тарихшылар түрлі тәуекелдерге бел буып отыр. Бұл жердің іргетасы  Хеопс пирамидасына дейін 6,5 жыл бұрын қаланған. Осы жерден табылған әрбір үшінші бас сүйектерден шүйде тұсынан терең кесілген  сызықтарды байқауға болады. Тіпті бас сүйектің бірінің сол жағынан тесік табылған. Оны мамандар арқан байлауға арналған деген болжам айтады. Бірақ не үшін?  Бәрінен қызығы, қызыл жоса бояулардың  белгілері. Ол неолит дәуірінде салт-жоралғылар барысында пайдаланылған. 
Ғалымдар олжаларын цифрлы және электронды микроскоптармен де қараған. Нәтижесінде кесінділер тастан жасалған құралдар арқылы қашалған деген пікір білдірді. Бұл хайуанаттардың бірінің сүзіп не тістеуінен болмаған, табиғаи жағдайлардың салдары. Жараның жазыла бастауы білінбейді. Демек, тосын таңбалар бас сүйек сызықтары адам өлген соң жасалған.  Бұдан нені аңғаруға болады. Неолит дәуірінде өмір сүрген адамдар арасында ата-бабаларымен қарым-қатынас жасау үшін осындай әдет қалыптасқан. Бірақ Гёбекли-Тепедегі бас сүйектер қандай кезеңге жататындығы әзірге белгісіз күйінде.
Гёбекли-Тепедегі қорым 1990-жылдардың ортасынан бері оқымыстылардың басын қатыруда. Өйткені ол адамзаттың даму кезеңдерін нақтылауға қажет.
– Бұл шын мінінде монументальды құрылыс.  Осынысымен де ерекше әсер қалдырады. Жер астынан табылған олжаларды терең зерттеу тарихтың тамаша беттерін ашады, — дейді археолог Юлия Грески.
Бүгінде оқымыстылар Гёбекли-Тепедегі қазба жұмыстарын жалғастыру арқылы тың деректерді толықтырып жатыр. Осыдан 20 жыл бұрын британ жазушысы Грэм Хэнкок барлық оқырмандарына 13 мың жыл бұрын Гёбекли-Тепені салардан мың жыл бұрын мұнда адамзат өркениеті болғандығын жазған.  Ол планетааралық катаклизма нәтижесінде, Жер мен кометаның соғысу салдарынан пайда болған. Хэнкок теориясы осындай.
–Ертедегі өркениеттің барлығы неге белгісіз, алдын ала жасалған деректер неге жоқ? Себебі ол кезде қазіргідей мүмкіндіктер, тең прогресс болмады. Адамдар үңгірде өмір сүрді, аңшылықпен айналысты, келе-келе ауыл шаруашылығымен шұғылданды, ақыры бүгінгі дәуірге дейін келді. Гёбекли-Тепедегі қазбалардың жасы төңірегінде мәлімет жоқ. Тарихшылар 12 жыл бұрынғы жағдайларға әкеліп тіреп қойды. Мұндағы ірі мегалитикалық құрылыс тізбелерінің салмағы 20 тоннадан асады және жұлдызшаларға бағытталып орналастырылған, ­– дейді  Хэнкок.
Алайда ғалымдар мен тарихшылар Хэнкокты қияли және еліктеуіш адам ретінде бағалайды. Рас, сәуір айында «Жерорта теңізіндегі археология және археометрия» журналында мақала жарияланып, онда Эдинбург университетінің ғалымдары шіркеулер тізбегі туралы айтып, біздің дәуірімізге дейінгі 10950 жылы Жердің тосын планетамен соқтығысқаны суреттелген. Біздің дәуірімізге дейінгі 11000 жылдары табиғаттың күрт өзгеруі дүниені орнынан қозғап жіберді.
Америкалық психиатр  Иммануил Великовский мұны «планетааралық апат» деп атаған. Бәріне кінәлі Күн жүйесіндегі үлкен дене. Алайда оқымыстылар мұны кәсіби мамандар пікірі емес дейді. Ал Грем Хэнкок  «Құдай сиқыршылары» деп аталатын кітабында ертедегі өркениетті көктен түскен от жойып жібергенін айта келе, ақырзаманның аңызға бергісіз 200 түрі туралы айтады.  Бұл аңыздарды Заполярьядан бастап, Орталық Африкаға дейінгі аралықтағы өркениет  іздері дәлелдейді. Осыған қатысты зерттеушілерде нақты деректер де бар көрінеді. Ол ­  –  Солтүстік Америкадағы алтыннан  қымбат ақ тастар, алмастар т.б. Бұл кометаның жерге соғылуы салдарынан болған.
Гёбекли-Тепедегі кешенде  пиктографиялық жазбалар тізбегі де осы туралы сыр шертеді.
– Солтүстік Америкада табылған құнды заттар кометамен соқтығысуға нүкте қоя алады, –  дейді доктор Мартин Суэтман.
Қазіргі кезде Түркиядағы Гёбекли-Тепеде қазба жұмыстары  кешеннің 5% ғана жүргізілген. Ашылмаған әлі талай дүние жатқанын ескерсек, қызықты деректер болашақта адамзаттың пайда болуын нақтылап беруі әбден мүмкін.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ
09 ақпан 2018 ж. 1 175 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930