Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Әлемдік картада Солтүстік Македония Республикасы пайда болды

Әлемдік картада Солтүстік Македония Республикасы пайда болды

Македония Республикасы төңірегіндегі даудың шешімі табылды. Енді мемлекет "Солтүстік Македония Республикасы" деп аталатын болады. Бұл туралы ел премьер-министрі Зоран Заев баспасөз мәслихатына берген сұхбатында жариялады. Ол шешімді «тарихи маңызы зор оқиға» деп атап, елдің өркендеуінің кепілі екенін алға тартты. Еуроодақтың дипломатия басшысы Федерико Могерини мен НАТО-ның бас хатшысы Йенс Столтенберг те бастаманы құптап отыр. Могеринидің айтуынша, ресми Скопье мен Афин қол жеткізген келісім оңтүстік-шығыс Еуропаның жандануына септігін тигізеді. Ал Столтенберг болса «жаңа атау аймақтағы бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайта түседі» дейді. Айта кетейік, осы атауға байланысты Афин мен Скопье арасындағы дау-дамайдың басталғанына 25 жылдан асты. Грекия елдегі Македония облысымен шатастырмас үшін республика атауын өзгертуді талап етіп келген.

24.kz
13 маусым 2018 ж. 836 0