Суда шомылып жатқан піл қайықтағы туристерге шабуылдады
Ботсванада сафариге қатысушы қайығына шабуылдаған пілді видеоға түсіріп алған.
Бұл видео YouTube-тағы Kruger Sightings арнасында жарияланды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарттық агенттігі.Туристер Чоби өзінінің бойымен, теңіз балдырларын жұлып тұрған пілдің жанында қайықпен жүзіп келе жатқан. Алайда, ешкім өзімен-өзі тұрған алып жануар аяқ асты ашуланады деп күткен жоқ.
«Мен нені дұрыс істемедік, соны түсінбей тұрмын. Пілдер жылдам жүзбейді ғой, солай емес пе?», – дейді автор.
Ол жануарларды алыстан видеоға түсіріп алмақшы болып, жазбаны қосты. Ал, өзін видеоға түсіріп жатқанын көрген піл кенеттен қайыққа шабуылдап, оны жағаға итеріп жіберді.
«Мұндай жақындықта болған шу оны тітіркендіріп жіберген секілді. Шындығында, айналада бірнеше қайықтар болды, ал біздікі басқалармен салыстырғанда пілге біршама жақын тұрған», – дейді әйел.
Абырой болғанда аяқ асты ашуланған пілдің шабуылынан ешкім зардап шекпеген. Осыдан кейін қайықтағылар да, жануар да өз жөндеріне кетті.
Источник: Stan.kz