Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Оңтүстік Кореяда өз атына келген «жұмбақ» сәлемдемені ашқан үш адам ауруханаға түсті

Оңтүстік Кореяда өз атына келген «жұмбақ» сәлемдемені ашқан үш адам ауруханаға түсті



Оңтүстік Корея полициясы Чхонан қаласындағы үйлердің біріне Тайвань елінен келген халықаралық жолдамадан белгісіз газ анықталғаннан кейін дүйсенбі күні тергеу бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Yonhap агенттігіне сілтеме жасап.

Жергілікті полиция бөлімшесіне сенбі күні Сеулден оңтүстікке қарай 85 шақырым жердегі Чхонандағы үйге Тайваньнан пластик пакетке оралған белгісіз жолдама келгені туралы ақпарат түсті.

Оқиға орнына бірден полиция мен жарылыстық-техникалық топ келді. Рентгенмен сканерлеу арқылы пакет ішінде белгісіз газ бар екені анықталып, олар күдікті пакетті ары қарай тергеу үшін алып кетті.

Бұл кейінгі бірнеше күнде Солтүстік Кореяның түкпір-түкпіріне келген 1 600-ден астам күдікті халықаралық жолдамалардың соңғысы болды.

Олардың ішінде қауіпті әрі улы материалдар бар деп қорыққанымен, мұндай заттар жоқ болып шықты.

Жолдамалардың көбінде ерінге арналған бальзам мен басқа да арзан өнімдер болған, ал кейбір сәлемдемелер бос болды.

Полиция онлайн-дүкен платформаларындағы саудагерлер адамдардың жеке ақпаратын заңсыз алып, тапсырыс бермеген тауарларды жіберуі мүмкін дейді. Мұндай амал сауда көлемін арттырып, интернет-дүкен сайттарындағы саудагерлердің рейтингіне манипуляция жасауға бағытталған.

Билік өкілдері күдікті халықаралық сәлемдемелер келгенде мұқият болуға шақырды. Олар мұндай сәлемдемелердің түсі сары немесе қара болуы және Тайваньнан жіберілуі мүмкін екенін айтты.

Билік өкілдері мұндай жолдамалар әуелі Қытайдан жіберіліп, Тайваньда аз уақыт аялдағаннан кейін Оңтүстік Кореяға жеткізілгенін анықтады.

Күдікті халықаралық сәлемдемелер туралы хабар бейсенбі күні Тайваньнан келген кездейсоқ сәлемдеме оңтүстік-шығыстағы Ульсан қаласындағы мүгедектерге арналған әлеуметтік қамтамасыз ету орталығына жеткізілгеннен кейін түсе бастады, деп жазды Yonhap.
Сәлемдемені ашатын нысанда жұмыс істеген үш адам басы айналып, тынысы тарылғандықтан ауруханаға жіберілді.

Полиция оларға сәлемдемедегі улы газ әсер етуі мүмкін деп күдіктенді.

Бірақ, мемлекеттік қорғаныс зерттеу агенттігі жүргізген тексеріс жолдамада қауіпті ештеңе болмағанын көрсетті.
24 шілде 2023 ж. 3 234 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (9261)

06 желтоқсан 2024 ж.

№96 (9260)

03 желтоқсан 2024 ж.

№95 (9259)

01 желтоқсан 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031