Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Ресейде турист әйелді аю талап тастады

Ресейде турист әйелді аю талап тастады

РеÑейде ÑÑÑиÑÑ ÓÐ¹ÐµÐ»Ð´Ñ Ð°Ñ Ñалап ÑаÑÑадÑ

Приамурьедегі туристік базада аю шабуылынан зардап шеккен әйел Амур облыстық ауруханасында хал үстінде жатыр. Әйелдің сол қолын кесіп тастауға тура келген. Бұл туралы сейсенбі күні өңірлік денсаулық сақтау министрлігі мәлімдеген, деп хабарлайды ҚазАқпарат ТАСС агенттігіне жасап. «Зардап шеккен әйел қазір жансақтау бөлімінде жатыр. Жағдайы ауыр. Ауыр жарақат алған. Қан тамырлары қатты зақымданғандықтан, сол қолын кесіп тастауға тура келді», - дейді министрлік өкілдері. Ресей ІІМ-нің «Благовещенский» муниципалитетаралық бөлімі баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, оқыс оқиға дүйсенбі күні кешкісін болған. Әйел қапастағы аюға азық беремін деп қолын созған заматта жыртқыш оның қолын талап тастаған. Жедел топ оқиға орнына жетіп, тексеріске материалдар жинаған. РФ Тергеу комитетінің өңірлік тергеу басқармасы өкілдерінің айтуынша, осы дерек бойынша тексеріс жүріп жатыр. Тексеріс барысында турбазаның аюды ұстау мен келушілердің қауіпсіздігіне жауапты қызметкерлерінің әрекетіне құқықтық тұрғыда баға беріледі.
www.24.kz
10 сәуір 2019 ж. 1 284 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (9345)

14 қазан 2025 ж.

№77 (9344)

11 қазан 2025 ж.

№76 (9343)

07 қазан 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031