Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында босанды

Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында босанды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қырғызстандық әйел ұшақтың бортында ұл баланы өмірге әкелді. Бұл туралы «Манас» әуежайының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат  «Кабар» агенттігіне сілтеме жасап.
Оның дерегі бойынша, 7 шілдеде «Уральские авиалиний» әуе компаниясының ұшағы «Ош - Екатеринбург» бағыты бойынша рейс жасаған. «Ұшақ аспанға көтерілгеннен кейін жолаушылардың бірінің толғағы басталды. Бортсеріктер бригадасы шұғыл әрекет етіп, әйелді әуе кемесінде босандырып алды. Бәрі сәтті өтті», - делінген хабарламада. Ұшақтың экипажы Ошқа қайта оралғаны аталып өтілген. «Ош» әуежайында жаңа босанған әйел мен сәбиді жедел жәрдем күтіп алып, оларды перзентханаға жеткізген.    
inform.kz
09 шілде 2018 ж. 1 651 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

№71 (9438)

19 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930