Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ​Кірпік ұзартамын деген әйелдің көзі жабысып қалды

​Кірпік ұзартамын деген әйелдің көзі жабысып қалды

Екі салонға 25 мың теңгеден астам қаржы жұмсаған әйел көзінен айырылып қала жаздаған. Кірпігін ұзартып алмақ болған әйелдің көзін сұлулық салонында желімдеп тастаған, деп жазады lenta.ru. Оқиға таиландық Пхукет қаласында болған. 35 жастағы әйел сұлулық салонына кіріп, кірпігін ұзартып алмақ болғанда қызметкер оған арнайы желімнің орнына тез кебетін әмбебап желімді қолданған. Бірнеше минуттан соң әйелдің қабағы ісіп, көзін ашып-жұмғанда жабысып қала берген. Осы қызметіне қарамай салон әйелден 1,5 мың бат (15 мың теңгеден астам) алған. Зардап шеккен әйел желімнен құтылу үшін келесі салонға барып, нәтижесінде ол барлық кірпігінен айырылды. Екінші салонға тағы мың бат (10 мың теңгеден астам) жұмсаған әйел полицияға шағымданды. Бірақ полиция ешқандай көмек бере алмайтынын айтқан.
ERNUR.KZ.
20 тамыз 2018 ж. 1 852 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№44 (9411).

13 маусым 2026 ж.

№43 (9410)

09 маусым 2026 ж.

№42 (9409).

06 маусым 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930