Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » “Оттай лаулаған әлемдегі ең сұлу әженің” қарсыласы пайда болды

“Оттай лаулаған әлемдегі ең сұлу әженің” қарсыласы пайда болды

«Оттай лаулаған әлемдегі ең сұлу әже» деп танылған австралиялық Джина Стюартқа британдық Кэрри Хилтон қарсы шықты.Бұл туралы Fox News хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Желіде оттай лаулаған әлемдегі ең сұлу әже ретінде танылған Стюарт 2018 жылы Австралияның «Мисс Maxim Австралия» сұлулық байқауының қатысып, финалға жолдама алған болатын. 11 ай бұрын немерелі болған 47 жастағы әйел көп жыл бұрын төсін ұлғайтқаннан басқа, пластикалық ота жасатпағанын мәлімдеді.
Алайда жақында әже атанған 35 жастағы британдық Хилтон Стюарттың ол атағын тартып алуды жоспарлап отырғанын айтты.
«Оттай лаулаған әлемдегі ең сұлу әже менмін. Және бәсекелестік туралы ешқандай әңгіме болуы мүмкін емес», – деді ол.
Хилтон қарсыласын бет терісін тартқызып, ота жасатқан деп айыптады. Бірақ, ол 17 мың АҚШ долларына пластикалық ота жасатқанын мойындады. Кикбоксингпен айналысатын әйел бірнеше рет халықаралық жарыстарқа қатысып, алты күміс медальді жеңіп алған екен.
Ал Стюарт бұл айқасқа қалыпты жауап берді. Ол қарсыласын «керемет әйел» деп атап, бірақ айқассыз бұл атақты ешкімге бермейтінін жеткізді.
Сонымен қатар австралиялық әйел сұлулық байқауына ауру досының еміне ақша жинау және әйелдерді өз денесін жақсы көруге шабыттандыру үшін қатысқанын айтты.
«Әйелдер бір-бірін өсектеуді доғарсын деп, сұлулық конкурсы әлеміне әр түрлілікті енгізуге тырыстым. Өмір бұл үшін өте қысқа. Сондықтан жасыңды және сымбатты дене бітіміңді жақсы көріңдер, олар әлі күнге дейін ешкімді өлтірмеді»,-деді ол.
Stan.kz
07 маусым 2018 ж. 1 301 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

№91 (9255)

16 қараша 2024 ж.

№90 (9254)

12 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930