Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркиядағы президент сайлауы: Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр

Түркиядағы президент сайлауы: Режеп Тайып Ердоған көш бастап тұр



Түркиядағы сайлаудың соңғы нәтижелері бойынша, президенттікке үміткерлердің ешқайсысы бірінші кезеңде 50% дауыс жинай алмады. Дегенмен қазіргі президент Режеп Тайып Ердоған басым дауыспен көш бастап тұр. Сайлаудың екінші кезеңі екі аптадан кейін, 28 мамырда өтуі мүмкін, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркиядағы президент және парламент сайлауы аяқталды. 15 мамыр сағат 01:00-дегі нәтиже мынадай:
Режеп Тайып Ердоған: 49.26%,
Кемал Кылычдароглу: 45,04,
Синан Оган: 5.28%,
Дауыс беруге сайлаушылардың 88,73%-ы қатысқан. Бюллетеньдердің 99,71%-ы өңделген.

«14 мамырдағы дауыс беру ел тарихындағы ең рекордтық көрсеткіштердің бірі болды. Біз әркез халықтың еркіне құрмет көрсетіп келеміз. Бұл жолы да солай және алдағы уақытта да солай болып қала бермек. Сайлаушылардың пікірімен санасамыз.  Егер халық жеңісті екінші кезеңге қалдыруды жөн көрсе, онда біз бұл шешімді қабылдауға дайынбыз», деді Р.Ердоған.

Сондай-ақ ол сайлау учаскелеріне келген барлық 56 миллион сайлаушыға және оның кандидатурасын қолдаған 27 миллион адамға ризашылығын білдірді.
15 мамыр 2023 ж. 678 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№92 (9359)

02 желтоқсан 2025 ж.

№91 (9358)

01 желтоқсан 2025 ж.

№90 (9357)

25 қараша 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031