Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тың ең ірі банкі банкротқа ұшырады

АҚШ-тың ең ірі банкі банкротқа ұшырады



АҚШ-тың ірі банкі Silicon Valley салымшылар, технологиялық және венчурлық компаниялардың қызметкерлері ақшаларын қайтарып алу туралы шешім қабылдағаннан кейін банкротқа ұшырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Америка дауысы» басылымына сілтеме жасап.

Бұл он жылдан астам уақыт бұрын қаржылық дағдарыстың шыңына жеткен Washington Mutual банкінің сәтсіздігінен кейінгі АҚШ тарихындағы екінші ірі банктің құлдырауы. Сондай-ақ, Silicon Valley ірілігі жағынан елдегі 16-шы орында тұрған банк болды.
Silicon Valley жылдам дағдарысқа ұшырады. Кейбір сала сарапшылары жұма күні компанияның жақсы жағы мен инвестиция салуға қолайлы екенін айтты. 
Банк басшылығы жұма күні таңертең капиталды өсіруге және қосымша инвесторлар табуға тырысты. Алайда, банк акцияларының сауда-саттығы төтенше құбылмалылыққа байланысты Уолл-стриттегі сауда-саттық сессиясы басталғанға дейін тоқтатылды.
Түске дейін депозиттерді сақтандыру бойынша Федералды корпорация (FDIC) банкті жабу туралы шешім қабылдады. Корпорация банк активтеріне бірден сатып алушы таба алмады, бұл салымшылардың ақшаны алу жылдамдығын көрсетеді. 
Қалған сақтандырылмаған депозиттер сыртқы басқаруда болады.
FDIC мәліметінше, банкрот кезінде банктің жалпы активтері 209 миллиард долларды құрады. Салымдардың қанша бөлігі сақтандыру лимиті – 250 мың доллардан асып кеткені белгісіз, бірақ реттеушілердің бұрынғы есептері бұл үлестің айтарлықтай жоғары болғанын көрсетті.
FDIC жұма күні 250 мың доллардан аспайтын салымдар иелеріне 13 наурыз күні таңертең қолжетімді болатынын хабарлады.
Банктің банкротқа ұшырауы жұма күні барлық қаржы институттарының акцияларының төмендеуіне әкелді, олар дүйсенбіден бастап екі есе төмендеді.
Бұған дейін FTX крипто биржасы банкрот жариялады, ол хакерлерді 415 миллион доллар ұрлады деп айыптады.
12 наурыз 2023 ж. 277 0