Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

Қасиетті Рамазан айын Стамбұлда өткізіңіз

Екі құрлықты жалғастырған Стамбұл – Рамазан айының ерекше әдет-ғұрпын сақтайтын ерекше мекен. Түрік мәдениетінде «Он бір айдың сұлтаны» аталатын Рамазан айы – іштей Жаратқанды тану, сабыр сақтау, бармен бөлісу, құлшылық ету мен  ораза ұстау айы. Биыл Рамазан айы 23 наурыздан 20 сәуірге тура келеді. Стамбұлға асыққан туристер Рамазанның қалалық әдет-ғұрыптары мен мәдениетін көзбен көреді. Адамдар сүйіспеншілік, мейірімділік және төзімділік көрсетуге күш салатын ортада уақыт өткізеді.
Рамазанның берекесі барлық жерде сезіледі
Стамбұлдағы қасиетті айда мешіттердің мұнараларына ерекше жарықтармен безендірілген жазулар ілінеді. Османлыдан қалған мұралардың бірі – жарапазан айтатын барабаншылар. Олар таң атқанша көшелерді аралап, барабан соғып, Рамазан туралы аяттарды айтып, таң намазының алдында сәресіге оятады.
Рамазан айында ораза ұстау – қалыптасқан рәсім. Сәресіде алатаңнан басталатын ораза ақшам намазымен және зеңбіректер дыбысымен аяқталады. Кешке ауызашарда үлкен дастархандарда бас қосатын адамдар бір жұтым су мен бірнеше зәйтүн немесе құрмамен ауыз ашады.
Стамбұлдың үйлеріндегі ауызашар дастархандары Рамазан айының сән-салтанатын көрсетсе, қаланың кафелері мен мейрамханалары дәстүрлі тағамдардың бай мәзірін ұсынады. Оның ішінде буы бұрқырап, жаңа піскен Рамазан нандары қаланы керемет хош иіспен толтырады. Бұл кезеңде ең танымал тағам – түріктердің “Гүллах” деген тіскебасары. Сүт, раушан суы, анар мен ерекше қамырдан жасалатын гүллахты түріктер “баклаваның атасы” деп атайды.
 
Сәресі алдындағы дәстүрлі ойын-сауық
Стамбұлдың мешіттерінде ауызашарлан кейін оқылатын тарауих намазы құлшылық пен жамағаттың Жаратқанға деген сезімін күшейте түседі. Түрлі алаңдарда, әсіресе тарихи Сұлтанахмет ауданында намаздан кейін дәстүрлі Рамазан ойын-сауықтары басталып, қала мен оның тұрғындарына мерекелік көңіл-күй сыйлайды. Қала алаңдарында діни әңгімелер, поэзия кештері мен халық қойылымдары – музыка, би және әңгімелер ұйымдастырылады. Әсіресе, ауыз әдебиетінен мұраға қалған «Қарагөз бен Хадживат» кейіпкерлерінің қатысуымен дәстүрлі қуыршақ театрлары балалардың да, үлкендердің де көңілін көтереді.
Стамбұлдың киелі жерлеріне рухани саяхат
Стамбұлды Рамазан айында ерекше ететін тағы бір мәселе – оның киелі жерлері.  Мұхаммед пайғамбардың сахабасы Халид бин Зейд Эбу Эйюб Ел-Энсаридің қабірі орналасқан Эйүп Сұлтан Камии мешіті. Рамазан айының алғашқы оразасы тұтылған Оруч баба бейіті, Юша төбе (Юша пайғамбардың қабірі орналасқан деседі), Яхья Эфендидің қабірі. Сонымен қатар Айя София, Сұлтанахмет мешіті, Османлының падишаһтары салтанат құрған Топкапы сарайы да туристердің сүйкті мекеніне айналған. Hz. Мұхаммедтің қасиетті жәдігері Хирка-и-Шерифті Рамазан айы бойы Хирка-и-Шериф мешітінде көруге болады.
Стамбұлда айт қуанышын сезініңіз…
Стамбұлда ғибадатпен өткізілген бейбіт Рамазан айымен қоштасатын Айттың алғашұы күні мерекелік дұғалармен тойланады. Көрші-қолау, туған-туыспен арқа-жарқа араласып, үлкендерге сәлем беру үшін қонаққа баратын сәт. Мереке кезінде қаладағы саябақтар мен алаңдарда ине шаншар жер қалмайды. Айттың құрметіне түрлі ойын-сауық ұйымдастырылып, көңілді уақыт өткізуге жағдай жасалады. Сырлы Туған-туыстар бас қосқаннан кейін айт мерекесі балаларды мерекелік ықыласпен тамашалау үшін қалалық саябақтар мен ойын-сауық орталықтарында жалғасуда. Тарихи орындарды, дәстүрлі тәжірибелерді және Рамазаннан шабыттандырылған ойын-сауықты ұсда ине шаншар жер болмайды. Халық натын Стамбул биылғы Рамазан айында қонақтарын күтуде.
10 наурыз 2023 ж. 278 0