Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады

Түркияда зілзаладан көз жұмғандар саны 46 мыңға жуықтады

Түркияның Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Хатай провинциясындағы өңірлік AFAD үйлестіру орталығында мәлімдеме жасады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Анадолы агенттігіне сілтеме жасап.



«Қазіргі уақытта зілзаладан 45 968 адам қаза тапқаны белгілі болды, олардың 4 267-і Сирия азаматы», деп мәлімдеді Түркия ІІМ басшысы.
Сондай-ақ ол алғашқы жер сілкінісінен кейін 13 мыңнан аса қайта дүмпу тіркелгенін атап өтті.«Жалпы 26 300 ғимарат қирады. Олардың 26 032-нің қираған орнында іздеу-құтқару жұмыстары жүргізілді», – деді ол.Еске сала кетсек, 6 ақпанда Түркияда магнитудасы 7,7 балдық жойқын жер сілкінісі болды. Эпицентрі Кахраманмараш провинциясындағы Пазарджик ауданында болған зілзала ошағы 7 шақырым тереңдікте болған. Жер сілкіну салдарынан Хатай, Газиантеп, Килис, Османие, Малатья, Адыяман, Шанлыурфа, Диярбекир, Адана және Кахраманмараш провинцияларында көптеген ғимараттар қирады.
05 наурыз 2023 ж. 371 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (9258)

26 қараша 2024 ж.

№93 (9257)

23 қараша 2024 ж.

№92 (9256)

20 қараша 2024 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930