Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-тағы ЕРЕКШЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ

АҚШ-тағы ЕРЕКШЕ ЖАЗАЛАУ ШАРАЛАРЫ

Америка әрқашан өзіндік ерекшеліктерімен өзгелерден дараланып отырды. Бұл ел барлық нәрселерде, соның ішінде түрме жазаларында да өзіндік стилімен танымал. Мәселен АҚШ-тың кейбір штаттарында ұсақ қылмыскерлер түрмеге отырмайды, бірақ оларды басқаша жазалайды. Бұл жазалар сіздің әмияныңызға немесе бостандығызға емес, ар-намысыңызға әсер етуге бағытталған.
Мысалы, Нью-Йорктегі көлікті мас күйінде айдаған жүргізушілер «мас күйінде көлік жүргізген» деп жазылған жарқын жапсырма жапсырып жүруге міндеттелген.
Калифорния шаттында да жазаның ерекше түрі қолданылады. Онда дүкен тонаушыларына «Мен ұрлықшымын» деген жазуы бар киім киюге мәжбүрлейді.
Оңтүстік Калифорния да өз заңдарымен таң қалдырады. Мәселен, онда сот ер адамды 10 күн бойы өз үйінің жанында «мен мас болдым» деген белгімен отыруға үкім шығарды. Мұндай жаза кез-келген адамға ақшалай айыппұлдан гөрі қатты әсер ететін секілді.
Ал Нью-Джерси штатының Хобокен қаласында қоғамдық орынға дәрет сындырған адамдарға көше тазалау жұмыстарын жүктеп қойған.
Мэрилендте қылмыс жасаған жасөспірімдерді зардап шеккен адамдардың алдында тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген. Бұл жазаның ерекшелігі зардап шегушілер жасөспірімдердің шынайы өкініш білдіргеніне көз жеткізгенде ғана қылмыскер жасөспірім босатылған.
Ал Теннеси штатында үй тонаушыларды өте қызықты жазаға кескен. Яғни ұрылар зардап шеккен үй иелеріне өз үйлерін ашып беріп, кез-келген мүлкін алып кетуге рұқсат беруге тиіс болған. Біздіңше бұл өте әділ жаза секілді.
Біздің АҚШ-тағы ерекше жазалар топтамасын Нью-Йорк қаласындағы ерекше жазалау түрі қорытындылайды. Жаза шарты бойынша заң бұзушы өзінің егеуқұйрықтар басқан ескі үйінде үй қамақта отыруға міндетті болған.

Рамазан ӘНӘПИЯ
11 ақпан 2022 ж. 3 468 0