ӘЛЕМДІ ТАҢҒАЛДЫРҒАН ЖАҒДАЙЛАР
Жер шарында қызықты мекендер мен ескерткіштер, ормандар мен көлдер, тосын оқиғалар миллиондап саналады. Бүгінгі әңгімеміз сол туралы…
Англияның Хитчин қаласында тұратын 75 жастағы қария Альберт Маркантонио «Гиннестің рекордтар кітабына» енген. Ол өсірген асқабақтың көлемі 165 см құрап, бұл рекордты әлі күнге ешкім өзгерте алмаған.
Әлемде ең көне еменге 350 жыл болған.
Ең биік шың — Эверест. 10203 метрге жететін шыңның 4205 метрі жер бетінде орналасқан.
Ең әсерге толы арал — Чукотка мен Алясканың ортасындағы Диомида аралы. Оның бір бөлігі — Ресейге, екінші бөлігі АҚШ-қа тиесілі. Мұнда уақыт айырмашылығы — 12 сағат.
Кардиокринум — сирек кездесетін әрі өте қызық өсімдік. Ол өмірінде бір-ақ рет гүлдейді. Гүлі өте үлкен. Соны күту үшін бүкіл ғұмырын арнайтын өсімдік ақырында өліп тынады.
Жер шарындағы ең үлкен көлік — Ford F650. 12 тонналық темір тұлпардың құны 80 000 АҚШ доллары.
Күріш жер шары халқының тең жартысын асырап отырған азық.
Сіз шай ішуді ұнатсаңыз «Дахунпао»-ны ішіп көріңіз. Оның 20 грамы 25 000 АҚШ долларына тең.
1945 жылы бір азамат балапанның басын кесіп алады. Алайда сол балапан бассыз 18 ай өмір сүрген. Мамандар оның асқазанына тамақты түтікше жіберген.
Дубайда қаражаттың көптігі соншалықты, қала ішіндегі 126 аялдама кондиционермен жадықталған.
Құлаққаппен музыка тыңдайтындар бір сағатта құлағындағы бактерияларды 700 есе көбейтіп алады.
Су шаянының жүрегі басында орналасқан.
1898 — 1910 жылдары жөтелген балаларға дәрі ретінде героиннен жасалған ұнтақ берілген.
Өзінің ішкі сезімін бет әлпеті арқылы анық білдіретін тек адам ғана. Хайуандар бұлай істей алмайды. Тек егеуқұйрық қана адамға ұқсас белгі білдіре алады.
Қарақұмық — өте пайдалы ас. Ол асқазанды сағыздан тазалай алады.
Әлемде ең үлкен торт құлпынайдан жасалған.
Гиннес кітабына үйленгендерге қатысты өте қызықты дерек енген. Малайзияда тіркелген ерлі-зайыптылардың жас ерекшелігі тым алшақ. Әйел — 22 жаста, еркек — 105 жаста.
Жер шарында ең қымбат көлік — Bugatti Veyron 16.4 Super Sport. Бағасы — 2 800000 доллар.
Бамбук 24 сағатта 3 метрге дейін өседі.
Исландияда жағажайлардың бірі қара түске боялған. Ол жер қиыршық тас пен мұз дәуірінен қалған үлкен тастарға толы. Мұндай жерлер санаулы ғана.
Әлемде секво ағашы АҚШ-тың ұлттық саябағында өте көп өседі. Олардың арасында жасы 3200-ден асқандары бар (Солтүстік Америкада өсетін қылқан жапырақты ағаш). Соған қарамастан жас көрінеді.
Пабло Эскобар — колумбиялық наркобарон. ХХ ғасырдың ең қатыгез адамы. Оның қызы әкесімен бірге полициядан қашып, түнде ашық аспан астында қалғанда жылыну үшін екі миллионнан аса долларды отқа жағып жылынғандықтарын еске алады.
1996 жылы 10 қыркүйекте Санкт-Петербургте алғаш рет МакДональдс ашылғанда, оған қарсы мыңдаған адам шеруге шыққан.
Алтын жалатылған телефон дүңгіршегі тек Жапонияда кездеседі.
Жедел байланыс операторлары SMS арқылы минут сайын 812 000 доллар табады.
Күн бір минутта әлем халқы жыл бойына тұтынатын қуат көзін шығарады.
1 000 000 долларды 1 доллардан таразыға тартар болса, оның салмағы 1 тонна болады.
Жалпы тәжірибе көрсеткендей, Үндістанның оңтүстігінде ерлер өз әпкелерінің қыздарына үйленеді.
Қышқыл жаңбыр алғаш рет 1852 жылы жауыпты.
1557 жылы еуропалық дәрігерлер ауыздағы жағымсыз иістен арылу үшін темекі шегуді ұсынған.
Әлемде шахмат түріндегі ең үлкен сауда орталығы Үндістанда орналасқан. Оның жалпы көлемі — 293 905 шаршы метр.
Шахматты үнділіктер ойлап тапқан.
Жер шары тұрғындарының 10% солақайлар. 89% оңқайлар. 1%-нің қолы жоқ.
Ертеде египеттіктер қолтырауындар үшін зергерлік бұйымдар сатып алатын болған.
Шарананың жүрегі 4 аптадан соң соға бастайды. Өлгенше тоқтамайды.
Бегамот су астында туады.
Көк көзділер жарыққа төзімді келеді.
Сталиннің 70 жылдығына орай оған тарту етілген сыйлықтар газеттерде 1949 жылдың желтоқсанынан 1953 жылдың наурыз айына дейін жарияланған.
Майда әріптермен жазылған жазуды әйелдерге қарағанда ерлер жақсы айырады.
Кітап бетінің қалыңдығы — шамамен жарты миллион атомға тең көрінеді.
Анжелины Джолидің сол иығындағы татуировкалар – әр баласының қайда өмірге келгенін бейнелейді.
Авокадодағы ақуыз өзге жемістерге қарағанда әлдеқайда көп.
Әр айда бірінші күн жексенбіден басталса, жұма 13-ші күніне міндетті түрде сәйкес келеді.
Сегізаяқ бір мезгілде 100 000 аса жұмыртқа салады.
АҚШ-тың бірінші ұлттық жалауы және алғашқы «Levis» джинсы қарасорадан жасалған.
Жауын құрамында B12 витамині бар.
Пингвиндер басын қимылдатпай және ешқашан түзу жүре алмайды.
Ағылшын тілді елдерде ерекше дәстүр бар: 29 ақпан күні әйелдер ерлерге сөз сала алады және жігіттер одан бас тартпауы керек.
Ғарышта адамдармен қатар ит, шимпанзе, тышқандар, өрмекшілер, құрбақа, медузалар болған.
Қызыл түс — ұлттық туларда көп қолданылатын түс.
Жолдасбек ДУАНАБАЙ