Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Хургадада құмнан жасалған қала ашылды

Хургадада құмнан жасалған қала ашылды

Хургада қаласында құмнан жасалған қала ашылды, деп хабарлайды «Хабар 24». Оны ондаған елден келген мүсіншілер жасады. Бұл көрме пандемия кезінде Египеттегі шипажайға туристерді тартуға арналған. Індетке байланысты оның ашылуы бірнеше рет кейінге қалдырылған болатын. Ақырында елде індет басылғаннан кейін Хургада қаласының билігі бұл фестивальді өткізуді ұйғарды. Өткен жылы да Хургадада құм қаласын салу көзделген еді. Алайда пандемия кесірінен бұл жоспары іске аспай қалды. Биылғы жаздың басында да осы шараның өтуі екіталай болған. Алайда індет басыла бастағаннан кейін қала басшылығы құм қаласын салуға рұқсат берді. Ондаған елден келген мүсіншілер бір апта бойы экспозияларын әзірледі. Далида Дарвиш, мүсінші: - Әдетте осындай шараларда мүсін жасау үшін белгілі бір тақырып тапсырылады. Ал мұнда бізге толық еркіндік берілді. Жұрт мейрам мен фестивальдарды сағынғандықтан шектеу қоюдың мәнісі жоқ деп бұл шешімін түсіндірді. Біреулер ертегі кейіпкерлерін жасаса, тағы біреулері нағыз сарайлар салды. Бұл фестивальға түрлі елден 60 мүсінші қатысты. Ашылған күнде-ақ құм қаласын көру үшін 30 мың адам келді. Мүсіндерді күзететін арнайы қызмет бар, тіпті қала губернаторы да тағайындалды. Кезінде Хассан Хаким екі рет құм мүсіндерінің халықаралық фестивальдерінің жеңімпазы болған. Зейнетке шыққанымен, сүйікті ісінен айнымайды. Хассан Хаким, құм қаласының губернаторы: - Әр мүсін көп еңбекті қажет етеді. Құмның әр қиыршығы мүсіннің көркін де аша алады, бірақ оны бүлдіруі де мүмкін. Келген жұртқа осындай туындыларды жасау қаншалықты қиын екенін және оны желден қалай сақтау керектігін айтамыз. Бірақ ең бастысы, адамдарға өздерін суретші ретінде сезініп, қарапйым болса да, құман мүсін жасауға мүмкіндік береміз. Ең өкінштісі, бұл қала ұзақ тұрмайды. Ол 2021 жылдың жазғы маусымының мәдени құндылығы ретінде жарияланып, оны полицияның арнайы тобы күзетеді. Туристердің қызуғышылығын туғызса, құм қаласы Хургаданың дәстүрлі шарасына айналады.

https://24.kz​​​
26 шілде 2021 ж. 501 0