Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » АҚШ-та құмнан мүсін жасаудан ерекше жарыс өтті

АҚШ-та құмнан мүсін жасаудан ерекше жарыс өтті


Биыл төртінші жыл рет ұйымдастырылған дәстүрлі сайысқа Чехия, Сингапур, Канада мен Американың шеберлері қатысты. Таңғажайып туындыларды жасау барысында мүсіншілер тек құм мен суды ғана қолданған. Айта кетерлігі, қиял ғажайып ертегілердің кейіпкерлері мен өзге де туындыларды сомдауға төрт күн жұмсалды. Сайыс қорытындысы бойынша, «Мүсіншілер таңдауы» марапаты канадалық Эйб Уотерманға бұйырды. Ал америкалық Дэн Белчер Ки-Уэсттың мэрі тағайындаған виртуалды «Конк Республикасының» марапатына ие болды. Ки-Уэсттің жергілікті тұрғындары Адам Рассел мен Келли Левер көрермендер көзайымы сыйлығымен марапатталды. Марианна Ван Ден Броек, сайысты ұйымдастырушы: – Жарысқа қатысушылар мүсіндерді сомдау кезінде тек қалақшаны пайдаланды. Механикалық құралдарды қолдануға тыйым салынған. Дегенмен туындыларды ойдағыдай етіп шығару үшін кейбірі өткір заттарды қолдана алды.
www.24.kz
27 қараша 2018 ж. 1 451 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (9308)

03 маусым 2025 ж.

№40 (9307)

31 мамыр 2025 ж.

№39 (9306)

27 мамыр 2025 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30