Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Башар Асад төртінші рет Сирия президенті болып сайланды

Башар Асад төртінші рет Сирия президенті болып сайланды

8 жыл соғыстан көз ашпаған Сирияда бүгін той болып жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24». Президент сайлауында Башар Асад 95,1 процент дауыс жинап, төртінші мерзімге президент болып сайланды. Нәтижені жариялаған парламент басшысының айтуынша, сайлаушылардың қатысу көрсеткіші 78 процентті құраған. Саяси додада барлығы 3 үміткер бақ сынады. Жергілікті оппозиция және Еуропалық одақ пен АҚШ сайлау заңсыз және әділетсіз өтті деп мәлімдеді. «Рейтер» агенттігінің мәліметі бойынша, сириялықтардың 80 проценті кедейлік қамытын киген. 5 миллионнан астам тұрғын қақтығыстан көрші елдерге қашып, босқынға айналған. Мохамменд Әл-Хумаиси, жергілікті тұрғын: – Президент Башар Асад бүкіл әлемге мықты саясаткер екенін тағы бір мәрте дәлелдеді. Бүгін – біз үшін жеңіс күні. Елімізге көмектесу үшін оқ-дәрі жәшігін ашуға да мәжбүр болғанбыз, енді елдігімізді көрсету үшін сайлау жәшігін аштық.

​https://24.kz​​​
28 мамыр 2021 ж. 490 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031