Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » Еуроодақ Сирия билігіне салынған санкцияларды тағы бір жылға созды

Еуроодақ Сирия билігіне салынған санкцияларды тағы бір жылға созды



Шешім Еуроодақ кеңесінің отырысында қабылданды. Онда шектеу шараларының ұзартылуына Сирия билігінің бейбіт тұрғындарды қудалауды әлі де жалғастырып отырғаны себеп екені айтылған. Одақтың Сириядағы дағдарысты БҰҰ қарары мен Женева мәлімдемесіне сәйкес саяси тұрғыдан шешуді қолдайтыны белгілі. Еске сала кетейік, Еуроодақтың 2011 жылы Сирияға салған санкциялары өз тарихындағы ең ірі шарасы болып отыр. Оған сәйкес Шам елінің 250-ден астам азаматы мен 70-ке жуық компаниясына санкциялар енгізіліп, олардың қаржымен әрекет етулеріне тыйым салынды. Ал елдің еуропалық компаниялармен байланысы үзілді. Қара тізімде президент Башар Асад пен оның отбасы мүшелері де тұр.

24.kz
29 мамыр 2018 ж. 1 296 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№74 (9441).

29 қыркүйек 2026 ж.

№73 (9440).

26 қыркүйек 2026 ж.

№72 (9439)

22 қыркүйек 2026 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031