Адамның жазуы өзі туралы не айтады?
Психологтардың айтуынша графологияның арқасында адамның жынысын, жасын, мінезін білуге болады. Қол қою туралы ғылым тіпті адамның көңіл-күйін анықтауға мүмкіндік береді екен.
Адамның тұлғасын тану үшін бірнеше кезеңнен өту керек. Ол үшін кез келген адамнан әлдене жазуды өтініңіз. Ең алдымен әріптердің орналасуы мен өлшеміне назар аударыңыз. Тиянақты адамның жазуы ұсақ келеді. Ал жазуы ірі адамдар ашық, аңқау, жұмсақ келеді. Әріптер бір біріне сығылысып жазылса бұл адамның икемді екенін білдіреді. Көсіліп жазылған жазу ақжарқын адамға меңзейді. Жазуы түсініксіз адамдар құпия, тұйық келеді, сонымен қатар мұндай жазу эмоционалды дағдарыста жүргендерге тән.
Әріптер
Егер бас әріптердің өлшемі кішкентай әріптерден әжептәуір үлкен болса, бұл адам өзіне де, өзгелерге де талапшыл деген сөз. Ал бас әріптердің өлшемі кішкентай әріптерден көп үлкен болмаса бұл адам қарапайым. Каллиграфиялық жазумен басқалардың ықпалына көп түскен, өзіндік пікірі жоқ адамдар жазады.
Егер жазулар солға қарай сәл еңкіш болса адамның өзімшілдігін білдіреді. Ол адам үшін ең бірінші өзінің мүддесі мен қызығушылықтары тұрады. Неғұрлым еңкіш болса адам соғұрлым эгоист. Өзгелердің пікірімен санаспайды. Ал әріптер оңға қарай еңкіш болса иесінің мақсатқа жұмыс істейтінін, амбициясы зорт екенін білдіреді. Ал тік жазу адамның бірбеткейлігінен хабар береді.
Жолдар
Оптимист адамдардың жазуы жолда жоғары көтеріліп шығады. Олардың өзіне деген бағалары жоғары. Ал төменге қарай кеткен жазу адамның тек жаман нәрселерді көретінін білдіреді. Ол адам көбінесе өзінің мүмкіндіктерін көре бермейді. Ал қалыпқа сыймайтын, жеңіл ойлы адам толқынды жазумен жазады. Ал тік, тура жазатын адамдар объективті, саралағашы келеді.
Егер адамның қойған қолы шиырланып келсе ол адам шығармашыл жан деген сөз. Ал құпия, тұйық адамның қолы қоршалып қойылады. Ал асты сызылған қолдар, қасына сызықша қойылған қолдар мықты адамдарға тән. Ал шимайланған қол адамда энергияның көп екенін білдіреді.
reactor.inform.kz