Өскен өңір Osken-onir.kz ақпараттық агенттігі
» » ЖАЗУЫҢЫЗ МІНЕЗІҢІЗ ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ?

ЖАЗУЫҢЫЗ МІНЕЗІҢІЗ ТУРАЛЫ НЕ АЙТАДЫ?

Графология - жазуға қарап адамды сипаттайтын ғылым саласы, ал оның маманын графолог деп атайды. Кейінгі жылдары графологтар әйел мен ер адамның қолтаңбасын жиі шатастыратын болып жүр. Өйткені әйелге тән мінезді болып келетін ерлер көп.
Бейкәсіби мамандардың арасында әдемі, дұрыс жазылған жазу адамның ішкі жан дүниесінің тазалығын көрсетеді деген адасушылық басым. Керісінше, түсініксіз жазу - көздеген мақсатына жетпей тынбайтын, табанды, интеллектуалды жетілген адамдарға тән көрінеді. Әріптерді ерекше сәндеп жазатындар құлықсыз, түсінік танымы төмен адамдарға тән.
Графологтардың айтуынша, егер әріп қателерін үнемі қайталап отырса, ол адамның ұқыпсыз, сөйлемнің аяғында ірі әріптермен бітірсе, сенгіш, ал егер кіші әріптермен аяқтаса, онда қулығы мен аса байқампаздығын білдіреді екен. Басқы әріптердің оралып ерекше кейіпте жазылуы өзіне көңіл аударуды қалайтындарға тән. Толқынды әріптер қияли адамдарға, сызыққа тақап жазу талапшылдарға тән. Домалақ жазу өзін тұлға ретінде санайтындарға, өткен өкініштеріне қайырымсыз қарайтындарға, өзіне сенгіш, адалдық сүйгіш, қуатты адамдарға тән. Ұсақ жазу ұстамдылық, есепке бейімдерге тән. Сөздердің арасын қысып жазатындар ұқыптылық пен алдағыны көре білу қасиетіне ие. Біркелкі емес жазу тез ашуланғыштарға тән. Әріптер түсінікті болса, онда ол иесінің көзқарасының тұрақты, айналасындағыларға құрметпен қарайтынын білдіреді. Анық та нық жазу іскер жандарға тән. Сөйлемдердің арасы алшақ болса, онда мінезі тұрақсыз болғаны. Арасына абзац қалдырмай қысып жазу секемшілдерге тән.

Сөздердің өлшеміне қарай анықтайық:

1. Майда почерк. Олар – ұялшақ, қамқор, сабырлы жүретін, өзін қоршаған ортада жақсы ұстайтын адамдар.

2. Орташа өлшемді почерк. Мұндай адамдар өте сезімтал келеді.

3. Үлкен өлшемді почерк. Олар оптемист және қоршаған ортамен жақсы қарым-қатынаста болады.

4. Өте үлкен өлшемді почерк. Мұндай адамдар өздеріне сенбейді және өзгелерді өзіне қаратады. Олардың көз жанары әлсіз келеді.


13 ақпан 2020 ж. 887 0