Киімнің түсіне қарап мінезін білуге болады
Ақ түс – тазалық символы. Бұл түс адам энергиясының тазалануына өз әсерін тигізеді. Ақ түс таңдайтындар әдетте жинақы, адал ниетті адамдар болып табылады. Көп жағдайда олар талап қоя біледі. Егер өзіңізді мейірімді, таза адам етіп көрсеткіңіз келсе, әрдайым ақ түсті киініп жүруге тырысыңыз.
Қызыл түс – өмірлік энергия түсі. Адамның өмірге деген талпынысын күшейтеді, адам ағзасындағы қан айналымы жүйесін жақсартады. Бұл түсті таңдайтын адамдар күшті, қайсар болып келеді. Кей жағдайда кек қайтаруы да мүмкін. Әдетте бұл түс ашық мінезді адамдарға тән.
Сарғыш түс – бостандықты қажет ететін түс. Адамдардың байқалмайтын қабілеттерін арттырады. Депрессия, қорқыныш билеп жүрген адамдардың көңіл-күйін жайландырады. Сарғыш түс киген адамдар өркөкірек, тәуелсіз болып келеді. Әрдайым танымал болуға ұмтылады.Бұл түсті адамдар көп келіп кететін, араласатын ортада қолданған жөн. Бұндай жерде адамдар бір-біріне ашық, мейірімді болады. Егер әрдайым көңілді, жас көрінгіңіз келсе, сарғыш түсті киім сатып алуға дүкенге жүгіріңіз. Сары түс – адамның ойлау, тез қабылдау қабілетін жақсартады. Өзіне сенімсіз, ұялшақ адамдарға оң әсерін тигізеді. Адамға күлкі, қуаныш әкеледі. Әдетте бұл түс қуаты мол, көп сөйлейтін, әртістік өнерге, шығармашылыққа жақын адамдарға тән. Сары түсті киім адамға сарғыш түс сияқты әсер етеді.
Жасыл түс – нағыз гармониялық түс. Адамның нерв жүйесін тыныштандырады. Бұл түс біреудің қуаныш, ренішіне ортақтаса білетін, достары көп адамдарға тән. Бұл түсті ұнататын адамдар тұрақты, сенімді болып келеді. Сонымен қатар жасыл түсті кез келген жерде қолдана беруге болады. Жасыл түсті киім кисеңіз, сіз кез келген ортада тек жақсы жақтан ғана көзге түсесіз.
Көк түс – арманыңыздың орындалуына әсер етеді. Бұл түс – шындықтың, біреуге деген сенің адалдығыңның белгісі ретіндегі түс. Егер сіз біртоға, ешкімнің қолы жетпейтін болып көрінгіңіз келсе, көк түсті киім таңдаңыз.
Ашық көк түс – салқындатқыш, тыныштандыратын түс. Бұл түс – бейбітшілік, тыныштық символы. Әрдайым тепе-теңдікке, ақылдылыққа шақырады. Ашық көк түсті рухани жетістіктерге ұмтылатын адамдар ұнатады. Әдетте бұл түсті демалатын жерде қолданған жөн. Киім таңдағанда аса сезімтал, кеңпейілді көрінгіңіз келсе, ашық көк түстіні сатып алуыңызға болады.
Қара түс – жұмбақ, құпия түс. Қара түс – тәуелсіздіктің белгісі. Бұл түсті араласатын ортасында өзінің лайықты орны бар адамдар ұнатады. Тәуелсіз, беделді көрінгіңіз келсе, қара түсті киім таңдаңыз!
massaget.kz