ҚАЛАЙ ТАМАҚТАНУ КЕРЕК? ЫДЫС-АЯҚ СЫРЫ
Адам тамақты тойғанша ішеді. Бірақ бір адамдық асты ішкеннен кейін де тоймай қалатындар болады. Неліктен? Бүгін дұрыс тамақтану туралы кеңестер береміз.
Тамақтануда ыдыс-аяқ таңдауға көңіл бөліңіз. Семіздікпен күресіп жүрсеңіз, ыдыс-аяқтың түсі ашық болғаны дұрыс. Ал керісінше, арық адам болсаңыз, ыдыс-аяғыңыздың түсі қою болғаны жөн.
Мұны қалай түсіндіреміз?
Адамның тоюы ыдыс-аяққа ғана емес, тамақ түсіне де байланысты болады. Мысалға, тез тамақтану орындарын еске алайық, ондағы сәндік декоративтік дизайн барынша қою түсті болып келеді. Қызыл, қою сары және сары түстер көп. Бұл түстер тәбетіміздің ашылуына сеп болады. Бұл әдіс тамақтанушы санын арттыру үшін жасалатынын ұмытпайық. Ал қымбат мейрамханаларда тұтынушыларды ұзақ уақыт отырғызу үшін салқын әрі адам психикасына әсер етпейтін түстерден құрылған интерьер жасалады.
Ондағы майлықтар мен ыдыс-аяқтардың түсі де қонақтардың тәбетін ашу мақсат қыла отырып таңдалады. Ақ түс адам психикасын тыныштандырады. Тағы бір айта кетерлігі, егер тамақ түсі мен ыдыс-аяқ түсі бірдей болса, адам баласы өз мөлшерін білмей, көп тамақтанып қояды екен, яғни қанша ішіп-жегенін бақылай алмайды. Кофе немесе шай қара қою түсті саптыаяқпен ішілсе оның адамға әсері күшті болады. Бұл заңдылықтар тек мейрамханаларда қолданылмайды. Үй жағдайында сіз де бұл ережелер арқылы денсаулығыңызды түзей аласыз. Егер тез арада тамақтанып, тойғыңыз келсе, қою реңді сары, қызыл түсті ыдыс-аяқ таңдаңыз.
http://www.miss.inform.kz